ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫҢ 97,52 ПАЙЫЗЫ САЙЛАУҒА ҚАТЫСЫП, ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ
Сағат тілі кешкі сегізді көрсетісімен еліміздегі ең үлкен саяси шара өз мәресіне жетті. Қызылорда бойынша барлық 345 сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Тізімге енген 397885 сайлаушының 388019, яғни 97,52 пайызы сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қорғанбек Қайруллаев мәлімдеді.
«Бүгінгі көрсеткіш облыстағы сайлаушылардың зор белсенділігін танытып отыр. Бұл халықтың ел келешегін айқындайтын тұлғаның кім болатынына бейжай қарамағандығы. Облыс бойынша сайлау учаскелерінің барлығы да белсенділік көрсетті. Сайлаушылардың негізгі қарқыны 16.00 шамасында-ақ белгілі болды. Сайлауға қатысу көрсеткіші бойынша 98,85 пайызбен Шиелі ауданы алдыңғы қатардан көрінді. Екінші орында 98,72 пайызбен Жаңақорған ауданы, ал үшінші орында 98,54 пайызбен Сырдария ауданы тұрақтады. Қала сайлаушылары бүкіл облыстың үштен бірін құрайды. Мұнда да дауыс беру көрсеткіші жоғары болды. Ендігі жұмыс - облыс орталығы мен аудандардағы барлық сайлау учаскелеріндегі сайлау құжаттарын жинақтап, орталық сайлау комиссиясына жеткізу. Сайлау барысында ешқандай заң бұзушылық, арыз-шағым болған жоқ. Өз деңгейінде, заң аясында өтті деп айтуға толық негіз бар», - деді Қ.Қайруллаев.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА