СЫР ЕЛІНІҢ ЖУРНАЛИСТЕРІ САЙЛАУҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА
Бүгін Қызылорда облысындағы бірқатар жергілікті БАҚ-ы жетекшілері сайлауға қатысуда белсенділік танытуда.
«Сыр медиа» ЖШС бас директоры, облыстық мәслихат депутаты Аманжол Оңғарбаев пен тәуелсіз «ҚоғамТВ» телеарнасының құрылтайшысы Шакизада Әбдікәрімов №7 мектеп-интернатындағы №208 сайлау учаскесінен, облыстық «Қазақстан - Қызылорда» телеарнасының директоры Жағыпар Қарабала №264 орта мектептегі №260 сайлау учаскесінен, «Қызылорда таймс» газетінің директоры Галина Крючкова №233 орта мектептегі №213 сайлау учаскесінен, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Биқожа Қызылорда қаласындағы №235 орта мектептегі №219 сайлау учаскесінен дауыс беріп, өз таңдауларын жасады.
БАҚ жетекшілері қоғамдық-саяси маңызды және тарихи шараға қатысу болашағына бей-жай қарай алмайтын әрбір азаматтың парызы екендігін айтып, өзгелерді сайлауға белсенді қатысуға шақырды.