АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ А.МҰХИМОВ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
Қаладағы №46 сайлау учаскесіне аудан әкімі Абзал Мұхимов келіп, өз таңдауын жасады. Ұлт болашағы, ұрпақ келешегі үшін дауыс берген өңір басшысы отбасымен бірге саяси науқанда белсенділік танытып, азаматтық борышын орындады. БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында аудан әкімі «Бүгін біздің елде маңызды сайлау өтуде. Бұл шараға аралдықтар белсенді қатысып жатыр. Біздің азаматтар сайлау учаскесіне келіп, дұрыс таңдау жасайды деген сенімдемін. Мен өз дауысымды елімнің болашағы үшін бердім», — деп атап өтті.