АРАЛДА АЛҒАШҚЫ БОЛЫП АРДАГЕР ҚАНИ ӘБУОВ ДАУЫС БЕРДІ
Арал қаласындағы №46 сайлау учаскесінде таңғы сағат 6.30-да келген алғашқы сайлаушы, зейнеткер Қани Әбуов сағат тілі 7-ні соққанда өз таңдауын жасап, дауыс берді. Таңертеңгі бюллетендер пакетін ашу рәсімінде сөз сөйлеп, жастарға батасын берген ақсақал саяси науқанды ұйымшылдықпен өткізуге тілек білдірді.
Тұңғыш рет дауыс берген ең жас сайлаушы Айжан Қуанышбай мен ең қарт сайлаушы Қани Әбуов ақсақалға саяси белсенділіктері үшін арнайы тағайындалған сыйлықтар тапсырылды Олардың ел үшін аса маңызды шараға ертемен келгендігіне риза болған учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Лиза Жұбаниязова ақсақалға алғысын жеткізді.