СӘРСЕНБІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
Сәрсенбі, 13 тамыз күні Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде жел күшейеді, елдің солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батысы, оңтүстік-шығысы мен қиыр оңтүстігінде ауа райы ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарында, кей жерлерде Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күн аптап ыстық болады. Республиканың оңтүтігі, оңтүстік-шығысы, батысы, солтүстік-батысы мен орталығының кей аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.