ТАСБӨГЕТТІКТЕР БОЛАШАҚҚА ТАҢДАУ ЖАСАДЫ
Бүгін таңертең ҚР Президенті сайлауы өтетін сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентіндегі №176 орта мектепте орналасқан №224 сайлау учаскесінің есігі салтанатты түрде таңғы сағат 07.00-де айқара ашылып, мемлекеттік гимн орындалды.
Бұл уақытта осы учаскеге бекітілген сайлау комиссиясының мүшелері мен байқаушылар қызу іске кірісіп те кетті. Сайлау учаскесінің төрайымы Қ.Шаймағанбетова байқаушылардың көзінше дауыс беруге арналған мөлдір жәшіктің аузын бекітіп, ортаға әкеліп қойды. Қоғамдық бақылаушыдан өзге учаскеде ел президенттігі қызметіне үміткер Т.Сыздықовтың да сенімді өкілі бар. Барлық үміткерлер туралы толық мәліметтер жазылған тақта бюллетень толтыратын кабинкалардың жанына орналасқан. Жылжымалы дауыс беру жәшіктерін мобильді топ арнайы көлікпен денсаулығына байланысты бұл күні дауыс беруге келе алмайтын азаматтардың үйіне түскі сағат 13.00 шамасында аттанбақ. Үйден дауыс беруші азаматтардың жалпы саны 25 адам. Учаске бойынша ең үлкен сайлаушы 1928 жылы туылған Макура Бұқабаева. Қария биыл 87 жасқа келіп отыр.
№224 сайлау учаскесінде барлығы 2401 сайлаушы тіркелген. Таң қылаң бергеннен ел болашағына өз үлестерін қосуға асыққан азаматтардың қатарына қарағанда, аталмыш учаскеде дауыс беруге келушілердің санының жоғары көрсеткішін болжауға болады. Әйтсе де, әзірге кезек күтіп тұрғандар жоқ.
Алғашқы болып келген сайлаушылардың қатарында «Болашақ» университетеінің 1-курс студенті Наурыз Қасымхан да бар. 13 сәуірде 18 жсқа толып, елбасы сайлауына қатысуға мүмкіндік алған ол дән риза.
«Бұл менің алғашқы дауыс беруім. Сондықтан бір ерекше сезімде тұрмын. Еліміздің болашағына әлі де талай үлесімді қосуға уәде беремін», - дейді ол.
Сайлау учаскесі мүшелерінің тарапынан ең белсенді сайлаушыларға, ең жас сайлаушыға және туған күн иесіне сыйлықтар ұйымдастырылған. Халық көтеріңкі көңіл-күйде өз таңдауын жасауда.
Айта кетейік, кеше 25 сәуір «тыныштық күні» болды. Бұл күні ешқандайда заң бұзушылық болған жоқ.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА