ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ Ә.ҚҰСАЙЫНОВ ТАРАЗДА ҚАН ОРТАЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Жамбыл облысы Тараз қаласында Қан орталығы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Бұл туралы кандидаттың сайлауалды штабының баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу кезінде ҚР Президенттігіне кандидат сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарын таныстырды.
«Бүгінде әлемде экология саласында бірқатар мәселелер бар. Техникалық процесті дамыту және жер қойнауын тиімсіз пайдаланудың соңы жағымсыз жағдайға әкеліп соқты. Экологиялық жағдайдың бұзылуынан климат өзгеріп, табиғи тепе-теңдік бұзылды», - деп бастады өз баяндамасын Әбілғазы Құсайынов.
Ең басты мәселе ретінде, ҚР Президенттігіне кандидат ормандардың жойылуы, жан-жануарларды қыру, топырақтың құнарсыздануы, теңіз, өзен-көлдердің, атмосфера мен ауаның ластануы сынды қазіргі заманның ең басты проблемаларын атап өтті.
Мысал ретінде Ә.Құсайынов келесі деректерді келтірді: белсенді өнеркәсіптік қызметтен атмосфера құрамындағы көмір қышқылының концентрациясы 20 ғасырда 20 пайызға өсті. Соның кесірінен ғаламшардағы орташа температура деңгейі өсіп, өсімдік әлемінің тіршілігіне зиянын тигізуде, мұздықтар еріп, мұхит деңгейі көтерілді.
Егер өнеркәсіптік өндіріс қарқыны осы деңгейде сақталатын болса, алдағы 20-30 жылда атмосфера құрамындағы көмірқышқылы екі еселенеді.
Ондай жағдайда, аудандар, шөлейттер мен саванналар құрғақшылыққа ұшырайды. Жазық далалар да оның зардабын тартады. Оның егін шығымы 15-30 пайызға төмендейді. Аталмыш өзгерістердің бәрі ғаламшар үшін мүлде жағымсыз.
Ә.Құсайыновтың пікірінше, адамзатты мына маңызды сұрақ мазалауы тиіс: жердің мұндай экожүйесі неге алып келуі мүмкін және басталып кеткен құлдырау процессіне қалай қарсы тұруға болады?
«Адамзат табиғатқа деген көзқарасын өзгертуі керек. Табиғатқа қатысты тұтынушылық-технократиялық қарым-қатынасты қойып, онымен үйлесімді өмір сүруге ұмтылу қажет», - деген пікірімен бөлісті кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі Р.Жоламан.
Халықаралық сарапшылардың мәліметтері бойынша, табиғат қорын тұтынудың қазіргі деңгейін ескеретін болсақ, көмір қоры 400 жылға жетеді, мұнай – 30 жылға, табиғи газ – 40 жылға. Әсіресе, мұнай қорының ұзаққа жетпейтінін еске салды Ә.Құсайынов.
Осыған байланысты әлемдік энергобалансқа тиімді құрылымдық өзгерістер енгізіп, жаңа, пайдалы, қауіпсіз және қоршаған орта үшін зияны жоқ қуат көздерін іздестіру керек.
«Біз экология туралы білімді, қауіпсіз әрі экологилық таза ортада өмір сүру қағидаларын, табиғат пен адамзатты қоршаған айнала туралы білімді қоғам санасына сіңіре білуіміз керек», - деді Ә.Құсайынов.

Комментарии 1