ҚР ОСК ТӨРАҒАСЫ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОСК ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
2015 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Тұрғанқұлов Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы М.Э.Абдусаломовпен кездесті.
Кездесуге Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Заң шығару палатасы Халықаралық істер және парламентаралық байланыс жөніндегі комитетінің мүшесі А.К.Кадиров, ҚР ОСК мүшелері М.А.Сәрсембаев, Т.В.Охлопкова, сондай-ақ ӨР ОСК ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы Х.А.Абдурахманов қатысты. Өзбекстан Ортсайлаукомының Басшысы сөйлеген сөзінде әріптестеріне Қазақстандағы Президент сайлауын транспаренттік және плюрализмнің демократиялық қағидаттарына сәйкес жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуде табыс тіледі.
Тұрғанқұлов мырза делегация мүшелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының президенттік сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі қызметімен таныстырып, ағымдағы сайлау науқанының ерекшеліктері туралы айтып берді.
«Сайлау науқанының үш үлкен кезеңі аяқталды, біз атқарушы органдармен бірге сайлаушылар тізімдерін нақтылау бөлігінде үлкен жұмыс жасадық, бұл туралы республика бойынша 1 қаңтардан бастап сайлаушылар санының 213 мыңнан астам адамға өскені куәландырады. Әр азамат өзінің конституциялық сайлау құқығын кедергісіз іске асыра алуы үшін қажетті барлық шаралар қолданылды. Дайындық күнтізбелік жоспарға сәйкес, сайлау заңнамасының нормаларын бұзусыз өтуде.
Бүгінгі күнге азаматтардың 94 өтініші келіп түсті, олардың 47-сі тікелей электораттық тақырыпқа қатысты», - деп атап өтті ол.
Кездесу соңында екі елдің Орталық сайлау комиссияларының Басшылары сайлау тәжірибесін және сайлау заңнамасын жетілдіру саласында одан арғы ынтымақтастықтың және тәжірибе алмасудың жалғасатынына сенім білдірді.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі