ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 18 МЛН. ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН ОТАНДЫҚ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА МАЛ АУКЦИОН БАРЫСЫНДА САТЫЛДЫ
2014 жылдың 7 тамызында Қостанай облысы Қарасу ауданы Восток ауылында өткен «KARASU Farm-2014» аукционы барысындажалпы құны 18 250 000 теңгені құрайтын 34 бас отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатылды.
Аукционды ұйымдастырған - «ҚазАгро» ұлттық холдингісінің еншілес компаниясы «Қазагромаркетинг» АҚ.
Аукцион барысында қазақтың ақбас және әулиекөл тұқымдарына жататын ірі қара мал сатылымға шығарылды. Бұл жерде шаруа қожалықтары өнімділік қасиеттері жоғары ең сапалы жануарларды сатып ала алды. Мал басы тез қоң жыйып, жеңіл төлдеуге, жайылымдарда бағылуға бейімделген.
«Қазагромаркетинг» өкілдерінің сөзіне қарағанда, «KARASU Farm» аукционы екінші мәрте өткізіліп отыр, былтыр алғашқы аукцион өткен болатын.
Мұндай іс-шаралар әлбетте еліміздегі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға өзінің оң үлесін қосуда, себебі аукцион барысында отандық шаруа қожалықтары өзара тәжірибе алмасып, генетикалық жағынан ең құнды малды сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
Өткізілген аукционға 13 шаруашылық қатысты. Сатылымға 50 бас ірі қара, оның ішінде 35-і қазақ ақбас және 15-і әулиекөл тұқымына жатады. Жоғарыда айтылғандай, нәтижесінде 34 бас ірі қара сатылды, оның ішінде 25-і - қазақ ақбас және 9-ы әулиекөл тұқымының - ірі қарасы.
Ең жоғары бағамен сатылған малдың құны 700 мың теңгені құрады (3 бас). Қалған мал мынадай бағамен өткізілді: 650 мың (1 бас), 600 мың (5 бас), 550 мың (6 бас), 500 мың (15 бас), 450 мың (4 бас) теңге.
Малды сатып алғандар: облыстың Алтынсарин ауданының «Хамит», «Достияров», «Рамазанов» шаруа қожалықтары (ШҚ), облыстың Қарасу ауданының «Авгубаев», «Байжанов» ШҚ, Қостанай қаласының «Қостанайавтотранс» ЖШС мен облыстың Ұзынкөл ауданының «Көшербаев» ШҚ-тары.