ОСК ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ МИССИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2015 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Тұрғанқұлов Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі ШЫҰ Миссиясының жетекшісі, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Бас хатшысы Д.Ф.Мезенцевпен кездесті.
Кездесуге ШЫҰ Хатшылығының Кеңесшісі А.С.Қыдырбеков, ҚР ОСК Төрағасының орынбасары В.К.Фоос, ҚР ОСК хатшысы Б.С.Мелдешов, ҚР ОСК мүшелері М.А.Сәрсембаев, Т.В.Охлопкова, Л.Ж.Сүлеймен, сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығының аға сарапшысы М.М.Асейинов, ШЫҰ Хатшылығының бірінші санаттағы сарапшысы Чжун Хуа және Бас хатшының көмекшісі Д.Ю.Булгаков қатысты.
Кездесу барысында Ортсайлауком Басшысы халықаралық байқаушыларды кезектен тыс сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының жұмысымен таныстырды.
Дауыс беру күніне дайындық жөніндегі жұмыс шеңберінде Қуандық Тұрғанқұлов сайлау учаскелерінің Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен тікелей байланыс орнатуға және учаскелік сайлау комиссиясының сұрауы бойынша дауыс беру күні азаматтардың сайлаушылар тізімінде олар туралы деректер болмаған жағдайда тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісін растайтын мекенжай анықтамасын алуға мүмкіндік беретін тетіктің енгізілгенін ерекше атап өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын байқау жөніндегі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Миссиясының басшысы ШЫҰ Миссиясы осы ұйымның беделді мүшесі болып табылатын Қазақстандағы президенттік сайлауды, Астана, Алматы, Қарағанды қалаларын, сондай-ақ Ақмола және Алматы облыстарын қоса, байқауға белсенді қатысуға ниет білдіретінін атап өтті.
Соңында Д.Ф.Мезенцев Орталық сайлау комиссиясынан бастап барлық сайлауды ұйымдастырушыларға табыс тілеп, «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Миссиясы сайлауды байқауды қазақстандық заңнама шеңберінде, ШЫҰ ережелеріне сәйкес және саяси бейтараптық пен әділдік принциптерін басшылыққа ала отырып жүргізеді», - деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі

Комментарии 2