ҚАЗАҚСТАНДА BEETV ЖАҢА ИНТЕРАКТИВТІ СЕРВИСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Қазақстанда жаңа пішімдегі BeeTV интерактивті сервисі іске қосылды. Бұл – мультимедиалық контентке және сандық телевизияға қол жеткізудің бірегей қызметі.
BeeTV қызметі OTT (Over The Top) озық технологиясының бүкіл артықшылықтарын пайдаланады. Бұл сервис Wi-Fi мен сымды интернеттің көмегімен бір уақытта бірнеше құрылғыларда, соның ішінде мобильді гаджеттерде заңды телевизиялық контентті көру мүмкіндігін ұсына отырып, нарықтағы нұсқалардан ерекшеленеді. Мобильді қосымшаның көмегімен және интернетке қол жеткізу мүмкіндігінің болуымен, телебағдарламаларды өзіңіз орналасқан кез-келген жерде: үйде, далада, көлікте көру алғаш рет мүмкін болып отыр. Хабарлар мен фильмдерді кейінге қалдырып көру, трансляциясын артқа айналдыру және кідірту функциялары көрерменге бағдарламаны ыңғайлы уақытта көру мүмкіндігін ұсына отырып, қосымша артықшылықты қамтамасыз етеді.
Бұл қызмет сондай-ақ «ата-ана бақылауы» функциясын жүзеге асырады, яғни контентті көрермендердің жас санатына қарай бөледі және ересектер рейтингісіндегі хабарларды балалардың көруіне мүмкіндік бермейді.
«Біз қазір технологиялардың қарқынды дамуын және ойын-сауық контенті көлемінің ұлғаюын байқап отырмыз. Мұндай жағдайда көрермендердің басым көпшілігі не нәрсені, қашан және қандай құрылғыда көруді өз бетінше таңдағысы келеді. Енді көрермен өз бағдарламасын өзі құрады және телехабар таратудың нақты белгіленген уақытша желісіне байланбайды. Интерактивті телевизияның желілік телевизиядан негізгі артықшылығы осы. Интернет арқылы телевизиялық контентке қол жеткізуді ұсыну – келешегі мол бағыт. Жаңа мүмкіндіктердің пайда болуының есебінен бұл технология бес жылдың ішінде телехабарларды көру мәдениетін түбегейлі түрде өзгертеді», — деп түсіндірді 2Day Telecom ЖШС (Beeline СМ) Бас директоры Тунгышбек Батталханов.
«Үйдегі Интернет» қызметі ұсынған сымды интернет және Wi-Fi бар болған жағдайда BeeTV қызметін SmartTV-дің, теледидарға арналған приставкалардың, мобильді құрылғылардың, компьютерлердің көмегімен пайдалануға болады. Қазіргі таңда абоненттер әр-түрлі тақырыптамадағы 75-тен астам арнаға және 3600 бейнефайлға, сондай-ақ қосымша сервистерге – ауа-айы болжамына, такси шақыру қызметіне қол жеткізуде.
Оның тағы бір ерекшелігі – хабар туралы ескерту функциясы және хабардан алған әсерді достарыңмен бөлісуге мүмкіндік беретін әлеуметтік желілермен ықпалдастыру функциясы қарастырылған.
BeeTV контентке қол жеткізудің интерактивті сервисі үздіксіз жетілдірілуде. Таяу уақытта арналардың тізімін кеңейту күтілуде, соның ішінде HD-сапасын қоса есептегенде. Сондай-ақ бейнебақылау қызметімен толықтыру жоспарлануда. Абонент өз құрылғысынан тегін бейнебақылау сервистеріне қосыла алады, сондай-ақ жазу мүкіндігі бар қосымша дербес қызметке тапсырыс бере алады. Сонымен қатар, бұл қызмет онлайн тәртіптемесінде сатып алу сервисімен толықтырылады.
Бұл ұсыныс 2015 жылдың сәуір айынан бастап Beeline ұсынған «Үйдегі Интернет» пайдаланушылары үшін қолжетімді.