ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ЖАҢБЫР ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, тек республиканың оңтүстік-шығысында, батыс пен сольтүстік-батыстың кей жерлерінде күн ашық болады.
Қазгидрометтің мәліметінше, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы, Батыс Қазақстан, күндіз Атырау облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл облысында кей жерлерде шаңды дауыл көтеріліп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды, күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, шаңды дауыл көтеріледі. Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай жарқырайды деп күтілуде. Қарағанды облысында түнде найзағай ойнап, тұман түседі, кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Шығыс Қазақстан, түнде Қызылорда облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, 15-20 м/с жел соғады.