ӘДІЛ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ, ӘДІЛ СОТ БОЛҒАНДА НАҒЫЗ БІРТҰТАС ҰЛТ ҚАЛЫПТАСАДЫ
Әділ мемлекеттік аппарат, әділ сот болғанда нағыз біртұтас ұлт қалыптасады. Бұл туралы кеше Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр» атты ХХІІ сессиясында ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Екіншіден, Заң үстемдігі. Барлық судьялар, құқық қорғау органдары тек Конституцияға, Заңдарға бағынуы тиіс. Мұнан басқа ешкімге де, ештеңеге де емес. Адам өзінің құқын, міндеттері мен мүмкіншіліктерін құрметтей ме? Онда сотта қорғауы тиіс. Сот әділ, жемқорлыққа бой алдырмаған, жақсы жалақы алатын, қатаң жазалайтын болуы қажет», - деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы өз сөзінде мемлекеттік аппарат, сот жүйесі әділ әрі жемқорлықтан ада болса, онда еліміздің индустриясы, экономикасы, бизнес дамитындығын баса айтты.
«Сонда біз әділ мемлекетте өмір сүретін боламыз. Бізге әділ мемлекеттік қызмет, әділ сот қызмет көрсететін болады. Міне, бұл біздің атқаратын істеріміздің түп мәні. Сіздер мұны қарапайым жолмен ғана жүзеге асырады деп ойламаңыздар. Біздерге қолдау қажет. Қарсылық та болады, біздерге бұл жолда көптеген жайттан арылуға тура келеді», - деді Елбасы.
«Міне, егер осындай мемлекеттік аппарат болса, оған ұлты мен дініне, мүмкіншілігіне қарамастан ашық болады, кедергі болмайды. Егер әділ сот болатын болса, егер дәл осы негізде индустрия мен бизнес дамитын болса, онда нағыз біртұтас ұлт қалыптасады», - деп түйіндеді ойын Елбасы.