КАНДИДАТ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ РҚШ МҮШЕЛЕРІ «ЛОКОМОТИВ ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫ» АҚ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін, 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ ұжымымен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің студенттерімен, профессорлық-оқытушылық құрамымен, ғылым және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті, сондай-ақ қант диабетінің алдын алуға арналған дөңгелек үстелге қатысты.
Делегация құрамында Республикалық қоғамдық штаб басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Бауыржан Байбек, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаев, Айман Мұсақожаева, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Анатолий Башмаков, Қазақстан Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Ауыл» Қазақстан социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, «Бірлік» саяси партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР Парламентінің депутаттары Владимир Редкокашин, Қайырбек Сүлейменов, Алдан Смайыл, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Юрий Пя, ҮЕҰ, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен белгілі қоғам қайраткерлері және т.б. болды.
«ТұлпарTalgo» зауытының кранының машинисті Наталья Ивановна сөйлеген сөзінде Қазақстанның барша еңбеккерлері сияқты президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беретінін атап өтті.
«Балаларым мен немерелерімнің келешегі мен үшін аса маңызды. Назарбаев - біздің мемлекетті барша әлемге танытқан беделді көшбасшы. Жаңа кәсіпорындар, зауыттар, мыңдаған қазақстандықтардың жұмыс орны бәрі де Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында жүзеге асуда. Индустрияландыру алғашқы легінде жұмыс істегенімді мақтан тұтамын. Дауысымды Отанымның дамуы мен гүлденуі үшін беремін. 2015 жылғы 26 сәуірде сайлау учаскелеріне келіп, ертеңгі күннің тұрақтылығы мен сенімділігіне, яғни Елбасымызға дауыс беруге шақырамын», - деп атап өтті Н.Ивановна.
Келесі кездесу Тәуелсіздік сарайында ғылым, шығармашылық зиялыларымен, театр және кино әртістерімен, республикалық баспа басшыларымен өтті.
«Астана Опера» әншісі Салтанат Ахметова Қазақстанның шығармашылық жастарының атынан мәдениет пен өнер саласына қолдау көрсеткені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс сезімін білдірді.
«Жаңарған Қазақстанда, жастарға кең мүмкіндік ашылған тамаша елде өмір сүріп жатқаныма қуаныштымын. Өмірге қажеттінің ең үздігін алу мүмкіндігіміз бар. Мұның барлығы біздің сарабдал, қамқор көшбасшымыздың арқасы», - деп атап өтті С.Ахметова.
ЕҰУ-інде РҚШ мүшелерімен кездесу барысында тележүргізуші Мая Бекбаева сөз алды. Ол қазақстандықтар басшыларын мақтан тұтуы қажеттігін баса айтты.
«Мен аралас ұлтты отбасында тәрбиелендім, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ұлтаралық татулыққа баса мән беретіні үшін алғысым шексіз. Ол Қазақстанда жұдырықтай жұмылып, бірлікті ту еткен ел қалыптастырды, Біздің Елбасымыз ұлы көшбасшы дегім келеді!», - деді М.Бекбаева.
Астана тұрғындары да бірауыздан мықты, гүлденген Қазақстанда өмір сүргісі келетіндерін, сондықтан да олар Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беретіндерін мәлім етті.

Комментарии 1