КАНДИДАТ Ә.ҚҰСАЙЫНОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті.
Кездесу барысында ҚР Президенттігіне кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Әбілғазы Құсайынов өз тұғырнамасының басты бағыты - экология мәселесіне тоқталды.
«Бүгінде әлемдік күн тәртібінде өзекті мәселелер көп, алайда, оның ішінде ең маңыздысы экологиялық проблема болуы керек деп есептеймін», - деді ол.
Ә.Құсайыновтың пікірінше, ғасырлар бойы адамзаттың тұрмыс-тіршілігі қоршаған ортаны құлдыратуға бағытталды, егер оны қалпына келтіруді қолға алмасақ, әлемге үлкен қауіп төніп тұр.
Кандидаттың мәлімдеуінше, әсіресе озон қабатының жұқаруы, әлем мұхиттарының ластануы, жер мен топырақтың құнарсыздануы, биологиялық әртүрліліктің жұтаңдануы сынды экологиялық түйткілдер өзекті болып отыр.
Кездесу барысында кандидат экологиялық ахуалдың нашарлауына қатысты дәлелдер келтіріп өтті. Соңғы 40 жылда әр адам басына шаққандағы тұщы су мөлшері 60%-ға азайған. Алдағы 25 жылда ауызсу тапшылығы тағы екі есеге артпақ.
Жаһандық жылыну салдарынан әлемдік мұхит деңгейі ХХ ғасырда 20 сантиметрге көтерілді.
Топырақтың құнарсыздануы салдарынан жыл сайын әлемдік ауылшаруашылық айналымында 7 млн-ға жуық құнарлы жер жарамсызданып жатыр. Оның басты себебі, күн сайын артып жатқан урбанизация, су және жел эрозиясы, сонымен қатар химиялық және физикалық құлдырау.
Атмосфераның шаң-тозаң және газды қалдықтармен ластануы үлкен алаңдаушылық тудырады. Олар минералды отын мен биомассаның өртенуіне, сондай-ақ тау-кен, құрылыс пен басқа да жерде жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты ауаға таралуда.
21 ғасырда адамзат алдында экологияның ең басты мәселелерін шешіп, жер шарының экожүйесін кейінгі ұрпаққа аман жеткізу міндеті тұр.
«Экологиялық қауіпсіздік мәселесін экономиканы экологияландырмай шешу мүмкін емес. Ол үшін табиғатты пайдаланудың экономикалық процестерін жетілдіру қажет.
Әсіресе экологиялық саясатты жетілдіру және экологиялық дамуға кезең-кезеңмен өтуде азаматтық қоғамның рөліне үлкен мән берілуі тиіс.
Атап айтқанда, экономиканы экологиялық таза, аз шығынды технологияларға көшіріп, қоршаған ортаны қорғау экономикалық өсімнің басты қайнар көзіне айналуы тиіс», - деп атап өтті ҚР Президенттігіне кандидат.
Алдағы уақытта әлемнің алдыңғы қатарлы елдері жаңа ғылыми идеялар мен жаңалықтарға, жаһандық алдыңғы қатарлы технологияларға, биотехнологияларға негізделген технологиялық база қалыптастыруға кіріседі.
Кандидаттың сайлауалды тұғырнамасының негізгі тетіктерін қозғаған сайлауалды штабтың жетекшісі Рүстем Жоламан өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесіне де тоқталып өтті.
«Табиғат ресурстарын тиімді әрі жоспарлы пайдалану, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, табиғи ресурстарды тиімді тұтыну, қорғау және қалпына келтіру біздің ең негізгі міндетімізге айналуы керек», - деп атап өтті Р.Жоламан.
Кандидат ірі өнеркәсіп ошақтары өз қызметін техногендік апаттар қаупі туындамайтындай етіп жүргізуге міндетті деген пікірімен бөлісті.