ЖЕҢІС ЭСТАФЕТАСЫ АСТАНАҒА ЖЕТТІ
Кеше Астана қаласында Жеңіс эстафетасын қабылдап алуға арналған салтанатты іс-шара болып өтті. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған эстафета ТМД-ның мемлекеттік шекараларын жағалап біздің елімізге жеткендігін атап өткен орынды, деп хабарлайды BNews.kz.
«Астанадағы іс-шара «Отан қорғаушылары» мемориалдық кешені алдында өтті. Аталған эстафетаны кеше ғана Ресейлік шекарашылардың Өскемен қаласында қазақстандық әріптестерге тапсырғандығын айта кету керек. Алаңда Ақмола гарнизонының жауынгерлері, соғыс ардагерлері, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері сап түзеп тұрды. Соғыс жылдарының музыкасы ойнады. Жиналғандар соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Одан кейін Қазақстан әнұраны ойналды», - деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.
«Құрметті соғыс ардагерлері, біз сіздерді шын жүректен алда келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздердің арқаларыңызда бүгінгі ұрпақ бейбіт өмір сүріп, болашаққа қадам басып барады. Сол үшін де сіздерге мың алғыс», - деді ҚР ҰҚК ШҚ директорының орынбасары полковник Мұхтар Сәбидолданов.
Шекарашы ардагерлердің республикалық қоғамдық «Застава тарландары» бірлестігінің төрағасы отставкадағы генерал-майор Хусаин Беркалиев пен Ауғанстандағы соғыс одағының төрағасы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Шәріпбай Өтегенов сөз сөйлеп, жиналған қауымды алда келе жатқан мерекемен құттықтап, барлығына бейбіт аспан мен береке-бірлік тіледі.
Жеңіс эстафетасын алған әскери қызметшілер салтанатты шерумен жүріп өтті. Бұдан әрі қарай эстафета Қазақстан аумағы бойынша өтетін болады. Атап айтқанда, Алматы, Тараз қалалары қабылдайды. Одан әрі эстафета Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан және Әзірбайжан Республикаларын аралайды.
Эстафета осы жылдың 28-ші мамырында Мәскеу қаласындағы «Поклонная гора» мекен-жайына ат басын тірейді.