«СЫРДАРИЯ» ЖҮРДЕК ПОЙЫЗЫ АСТАНАДАН ҚЫЗЫЛОРДАҒА КҮНАРА ҚАТЫНАЙТЫН БОЛАДЫ
«Жолаушылар тасымалы» АҚ көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру мақсатында 2015 жылдың 25 сәуірінен бастап Астана-Қызылорда бағытындағы №89/90 «Тұлпар-Тальго» пойызы екінші құрамының сапарға шығатынын хабарлайды. Бұрын төрт күнде бір-ақ рет жүретін пойыз бұдан былай күнара қатынайтын болады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Жолда аялдайтын бекеттері: Қарағанды, Сарышаған, Шу, Жамбыл, Шымкент, Арыс-2, Түркістан. Қызылордаға дейін 22 сағат 25 минутта жетсе, қайтар жолға 23 сағат 22 минут кетеді. Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның 2 вагоны «Гранд», 2 - «Бизнес», 14- «Турист» санаттарына бөлінген. Бұған 2 вагон-ресторан мен 3 техникалық вагонды қосыңыз.
Бұл бағыттың маңыздылығы сол – ол еліміздің бес бірдей облысының үстімен өтеді және осы аймақ халқына сапалы жедел тасымылдау қызметін көрсететін болады. «Тұлпар-Тальго» пойыздарына мінген жолаушы тек уақыттан ұтып кана қоймай, сонымен қатар билетін ертерек сатып алса ақшасын да үнемдейді.
«Тұлпар-Тальго» пойыздарының бәріне тарифті басқарудың икемді бағдарламасы енгізілген. Бұл билеттің бағасы сатып алу мерзімінің ұзақтығы мен оған деген сұранысқа (пойыздың қаншалықты толуына) қарай өзгеріп отырады деген сөз. Мәселен, билетті алдын ала сатып алған жолаушы билеттің базалық бағасынан 35 пайызға дейін жеңілдікке ие бола алады. Пойыздың жүру уақыты жақындаған сайын билет бағасы да өсе түседі.
Бұдан бөлек әрбір санаттағы жолаушылар үшін жеңілдіктері бар келесі дисконттық карталар қарастырылған:
«Құрмет» - 60 жас пен одан ересек адамдар үшін, жеңілдік көлемі – 10%;
«Жастар» - 16-25 жас аралығындағы жастар үшін, жеңілдік көлемі – 10%;
«Саяхатшы» - жүрдек пойыздарда соңғы 12 айда төмендегідей бағаға сапарлаған тұрақты жолаушылар үшін:
• 100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік көлемі – 10 пайыз;
• 150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік құны – 15 пайыз;
• 200 001 теңгеден жоғары, жеңілдік көлемі – 20 пайыз.