26 СӘУІР КҮНІ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТЕГІН ЖҮРЕДІ
Сәуірдің 26-да Қызылорда қаласының барлық қоғамдық көліктері жүргіншілерді тегін тасымалдамақ. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.
«Қызылорда автобус паркі» ЖШС- де қала аумағында 22 бағыт бойынша қоғамдық көліктер халыққа қызмет көрсетеді. Аталмыш парк бастамасымен сайлау күні, яғни сәуірдің 26-ы күні таңғы сағат 6-дан күндізгі 14.00-ге дейін барлық бағыттар бойынша қатынайтын 200 ден астам жолаушылар көлігі тұрғындардың тегін жүруіне мүмкіндік жасап отыр. Серіктестік осылайша саяси науқанға өз үлестерін қоспақшы.
Айта кету керек, мұндай шара автобус паркінің бастамасымен бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. 8-наурыз халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында да қоғамдық көліктерде тегін қызмет көрсетілген болатын. Алдағы уақытта автобус паркі бұндай акцияларды жүйелі түрде өткізіп тұруды жоспарлап отыр.

Комментарии 3