МАЙДАНГЕРЛЕР МӘҢГІЛІК ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ
Санаулы күндерден соң жер жүзінің халқы екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталғанына 70 жыл толуын салтанатты түрде атап өтеді. Бұл Жеңістің тарихи маңызы, өркениетті мәні аса зор. Қызылорда қалалық сотының ұжымы да Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Ұлы мерекесімен құттықтауды назардан тыс қалдырмады. Осыған орай, судьялар қала тұрғыны, қарт майдангер Усейн Ысқақовтың отбасында болды. Қалалық соттың судьясы К.Садуақасова, Т.Жүсіпов қарияға құрмет көрсетіп, ұжым атынан сый-сияпат табыс етті.
Усейн Ысқақов 1924 жылы дүниеге келген. Майданға 1942 жылдың 5 наурызында аттанды. Ұрыс даласында жүріп, екі рет жарақаттанған. Алған жарақатына қарамастан Отан үшін от кешіп, жеңісті жақындатуға атсалысқан.
Бүгінде әулеттің қадірменді қариясы, ұл-қыздарының ақылшысы, немере-шөберелерінің тірегі болып отыр.
«Осындай ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен қан кешкен соғыстың куәгерлерін қашанда құрмет биігіне көтеру біздің азаматтық парызымыз»,- дейді сот ұжымы. Алдағы уақытта да осы иігі дәстүр өз жалғасын табады.
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қыметі