ҚЫЗЫЛОРДАДА ЗАМАНАУИ САУДА ОЙЫН-САУЫҚ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ
Қызылордада заманауи сауда ойын-сауық кешені салынады. Бұл туралы сәулет-қала құрылысы кеңесінде мәлім болды. Сауда ойын-сауық кешенін «Құрылыс-көлік компаниясы» ЖШС қаржысы есебінен Сұлтан Бейбарыс көшесінде салу жоспарлануда. Бұл жоба үшін 8 гектарға жуық жер бөлінді.
Жоба бойынша сауда ойын-сауық кешені толықтай инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, оның аумағы абаттандырылады. Ойын-сауық орталығында «Рамстор» сауда желісі, кинотеатр, «Бэбилон» балалар ойын орталығы, мейрамхана, киім дүкендері, әуе, темір жол және туристік агенттіктердің кеңселері сияқты қызмет көрсету орындары болады. Сонымен қатар, 300 автокөлікке арналған ашық автотұрақ та салынбақ. Мердігер жобаны жүзеге асыру үшін екінші дәрежелі банктерден 3 млрд. теңгеге жуық қаражатты несиеге алуды көздейді. Құрылыс кезінде 300 адам, құрылыс біткен соң тұрақты 150 адам, 30 мүмкіндгі шектеулі жан жұмыспен қамтылмақ.
Кеңес отырысында сауда ойын-сауық кешенінің эскиздік жобасы мақұлданды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жаңа ғимараттың айналасын көгалдандыру және көркейту жұмыстарында тамшылатып суару әдісін пайдалану қажеттігін ескертті.