КАНДИДАТ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ РҚШ МҮШЕЛЕРІ СТЕПНОГОР ҚАЛАСЫНЫҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін, 22 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Степногор қаласының тұрғындарымен кездесті.
Делегация құрамында Н. Ә. Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері қауымдастығының төрағасы Бақытжан Ертаев, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері бар.
РҚШ мүшелерінің қала активімен кездесуі барысында «Sareco» БК» ЖШС металлургия зауытының жұмысшысы Асылбек Қаржаубаев Қазақстанның барлық еңбеккерлері Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс береді деп мәлімдеді.
«90-жылдары Степногорда қаншалықты қиын болғанын барлығымыз да білеміз: кәсіпорындар тоқтап тұрды, жұмыссыздықтың кесірінен көптеген адамдар қаладан кетуге мәжбүр болды. Алайда біздің Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында қаланың екінші тынысы ашылды. ҮИИД бағдарламасы бойынша 5 кәсіпорын құрылды, біздің тауарлар шетелге шығарыла бастады, сату көлемі артты. Мен жұмысшы адам ретінде айтарым, осындай алпауыт мүмкіндіктері бар елді өндірістен хабары бар, қарапайым халықтың қажеттіліктерін білетін нағыз кәсіби тұлға басқаруы керек. Біздің Президент осындай адам!» - деді А. Қаржаубаев.
«Жас Отанның» Степногор қалалық филиалының жетекшісі Никита Карандашовтың айтуынша, қала жастары Нұрсұлтан Назарбаевты үлгі тұтады.
«Нұрсұлтан Әбішұлы өмірінде барлығына өз еңбегімен қол жеткізді. Біз оның батылдығына, ерік-жігеріне, мақсаттылығына қайран қаламыз. Ол кезде бүгінде бізде бар мүмкіндіктер болған жоқ. Қазақстан жастары бақытты. Біз табысты әрі гүлденген мемлекетте өмір сүріп жатырмыз! Бізде әлемнің үздік университеттерінде білім алып, жеңілдікпен баспана алуға, ең тиімді жұмыс шарттарын таңдауға мүмкіндігіміз бар! Менің көшбасшым - біздің Елбасы», - деді Н.Карандашов.
«Биомедпрепарат» кәсіпорнындағы кездесуде жас ғалым Ринат Ханнанов Президентке «Болашақ» бағдарламасы үшін ризашылығын білдірді.
«Нұрсұлтан Әбішұлының арқасында қарапайым отбасынан шыққан маған және көптеген мыңдаған жас қазақстандықтар үшін «Болашақ» президенттік бағдарламасы бойынша әлемнің жетекші университеттерінің бірінде білім алудың бірегей мүмкіндігі туды. Мен М.В.Ломоносов атындағы ММУ-ді бітірдім және өзіме көрсетілген сенім үшін үлкен жауапкершілікті сезінемін. Сондықтан оқуды бітіргеннен кейін жұмыс тауып, менің білім алуыма берілген қаржыны еселеп қайтаруға күш салдым. Мен еңбек жолымды еліміздің бірегей ұжымдарының бірінде бастау бақытына ие болдым. Біз отандық иммундық модельдеу препараттарын жасаумен айналысамыз. Ол біздің денсаулық сақтау саласы үшін өте қажет, Қазақстанда мұндай зерттеулер жүргізуге Елбасы қамтамасыз еткен елдің экономикалық гүлденуі арқасында қол жеткізілді», - деп атап көрсетті Ринат Ханнанов.
Ақмола облысы тұрғындарымен кездесуі барысында РҚШ мүшелері сондай-ақ бүкіл Қазақстанға белгілі «Родина» агрофирмасының ұжымында болды.
«Мен көп жылдардан бері сауыншы болып еңбек етіп келемін, балалар өсіріп, оларға білім беріп жатырмыз. Біздің ауылымыз дамып келеді, жастар ауылдан кетіп жатқан жоқ, үлкендердің тәжірибесін үйреніп, ауылды көтеруде. Біздің өмірімізде болып жатқан үлкен жетістіктерді көріп, өзімізде сезініп отырмыз. Әлеуметтік бағдарламалар ойдағыдай жүзеге асырылуда, жаңа жұмыс орындары ашылуда, бұл яғни, халықтың өмір сүру сапасы жақсарып, қоғамда тұрақтылық сақталып отыр деген сөз», - деп атап өтті «Родина» агрофирмасы» ЖШС сүт зауытының машинамен сауу операторы Галина Ковтун.

Комментарии 2