Т.СЫЗДЫҚОВ АЙМАҚТЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБТАРЫ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН СКАЙП-КОНФЕРЕНЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ
Бүгін Қазақстан Коммунистік халық партиясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов аймақтық сайлауалды штабтары жетекшілерімен скайп-конференциясын өткізді.
Кіріспе сөзінде Т.Сыздықов үгіт-насихат науқаны жоғары дәрежеде жария және тең мүмкіндіктер жағдайында өткізіліп отырғанын жеткізді.
«Осы сайлау науқаны арқасында біз бұқара халықтың назарын аударып, сайлауалды бағдарламаның негізгі акценттері мен қағидаларын жеткіздік», - деді Т.Сыздықов.
«Кандидаттың үгіт-насихат поезды сегіз аймаққа барып, сайлаушылармен 60 астам кездесулер өткізілді.
Біз өзіміздің коммунистік тұғырнамамыз, марксизм-ленинизм идеялары, жалпы адамдық құндылықтар – бейбітшілік, тұрақтылық пен төзімділік, интернационализм мен халықтардың достастығы туралы әңгіме қозғадық.
Көп уақытты халықтар арасындағы өзара түсіністік пен ортақ өркендеу мен бейбітшілік үшін барлық халықтардың өзара әрекеттестікке тартылу қажеттігі туралы дискуссияларға жұмсадық», - деді жиналғандарға Тұрғын Ысқақұлы.
Содан кейін, облыстық комитет жетекшілері жұмыс нәтижелері жөнінде баяндады.
Республикалық штаб жетекшісі А.Қоныров елде 16 облыстық және 1 республикалық сайлауалды штабы қызмет етіп отырғанын, кандидатың 100 жуық сенімді тұлғаларының тіркелгенін, үгіт-насихат жұмысында 15 000 астам белсенділер мен насихаттаушылар тартылғанын баяндады.
Басылымдар мен электронды бұқаралық ақпарат құралдарында, теледидарға кандидат пен аймақты сайлауалды штабтарының қызметі туралы мыңнан астам ақпарат жарияланды.
Қазіргі кезге дейін бейнежазба 184 рет көрсетілді. «Қазақ радиосында» екі тілде үгіт-насихат аудиожазбасы таратылуда. Бүкіл республикада, облыс орталықтарындағы, аудандар мен ауылдардағы жарнамалық орындарда 600 000 сайлауалды плакаттары ілінген. Әрбір облыс орталығында 80 билборд орнатылған.
Республикалық штабта да ЕҚЫҰ басшысымен және сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссияның өкілдерімен кездесулер өткізілді. Сайлау науқаны қандай да құқық бұзушылықтарсыз, ұлттық заңнама мен халықаралық нормалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылып келеді.
Бүгін сондай-ақ, Қазақстан Коммунистік халық партиясы атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов пен жас коммунистер тобы қызыл ленталармен әсемделген көгершіндерді аспанға ұшырды. Оларды ұшуы дүниежүзіндегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен өркендеуді, сондай-ақ, коммунистік идеялардың жаңа биіктерге көтерілуін сипаттайды.
Шараның 40-тан астам қатысушылары құстардың ұшқанын қызыл жалаушалармен қарсы алды. Акция қатысушыларының алдында баяндама жасай келе, Т.Сыздықов бүгінгі күні бейбітшілік пен өркендеу идеяларын алға тарту жастарға түсінікті және айқын рәміздердің қажет екенін жеткізді.
«Осы көгершіндердің ұшуы астарында, тек айқын және түсінікті рәміздер мен мақсаттар біздің жастардың қашықтықтардан өтуін және жаңа көкжиектерге жетуін білдіретін идея жатыр. Біздің мәдениетіміздің біртұтастығы мен қайталанбастығы интернационализм қағидаларына негізделген», - деп ойын жеткізді. - «Сайлау науқаны арқылы коммунистер өздерінің қағидалары мен марксистік-лениндік ілім негіздерін жеткізе алды. Мен сегіз аймақта болып, 15 қалаға барып, сайлаушылармен 60-тан астам кездесулер өткіздім», - деп хабарландырды Т.Сыздықов акция қатысушыларын.

Комментарии 2