2015 ЖЫЛЫ «СЕРПIН-2050» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖАСТАРҒА 5000-НАН АСТАМ ГРАНТ БӨЛІНЕДІ - Б.САПАРБАЕВ
«Серпiн-2050» бағдарламасы бойынша кадрлар тапшылығын жабуды қажет ететін облыстарда жұмыс күші мол аймақтардан 5000-нан астам студент үшін гранттар бөліп, оқыту ұйымдастыру жоспарланған, деп мәлімдеді бүгін «Білімді жастар – мәңгілік елдің болашағы» атты жас мамандар форумында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, деп хабарлайды primeminister.kz.
«Өткен жылы «Серпiн – 2050» бағдарламасы бойынша кадрлар тапшылығы бар аймақтарға 2050 адам жібергенбіз, биылғы жылы бұл көрсеткішті кем дегенде 5 000-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Б.Сапарбаев дүйсенбіде өткен жас мамандар форумында.
Естеріңізге салсақ, «Серпiн – 2050» бағдарламасы Қазақстанда 2014 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Бағдарлама аясында жұмыс күші көп аймақтардағы жастар еңбек күші тапшы облыстарға оқуға және жұмыспен қамтуға жіберіледі.
«Еліміз үшін аса маңызды тағы бір бағдарлама - индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы. Егер 30 дамыған елдің қатарына тезірек енгіміз келсе, инновацияларды, жаңа технологияларды дамытуымыз керек», - деп толықтырды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.
Ол ҮИИДМБ бағдарламасы бойынша Қазақстанда озық технологияларды қолданумен, жаңа жабдықтармен жұмыс жасайтын ондаған жаңа кәсіпорын құрылып, іске қосылғанын баса айтты.
«Осы бағдарламаға белсенді қатысуға шақырамыз», - деді Б.Сапарбаев жастарға бағыттаған сөзінде.
Оның айтуынша, жаңа кәсіпорындар үшін 2015 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігі іріктеген 10 ЖОО-да және 10 колледжде кадрлар даярлау басталады.

Комментарии 1