ҚАЗҒАРЫШ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ РЕСЕЙЛІК ӘРІПТЕСТЕРІМЕН ЕКІЖАҚТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ
Мәскеу қаласында Қазғарыш пен Роскосмостың өкілдері арасында кездесулер жүргізілді.
Келіссөздер аясында Қазақстан Республикасының Инвестициялар мен даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Т.А.Мұсабаевтың Ресей Федеральдық ғарыш агенттігінің жаңадан тағайындалған басшысы И.А.Комаровпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Қазғарыштың баспасөз қызметі.
Қазғарыш пен Роскосмостың өкілдері, сондай-ақ Ресей ғарыш кәсіпорындары басшыларымен кездесулер мен келіссөздері барысында «Байқоңыр» ғарыш айлағы кешеніндегі екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Соның ішінде «Бәйтерек» жобасы бойынша ахуал мен «Ангара» зымырын тасығышы базасындағы «Бәйтерек» ғарыш-зымырандық кешенін құрудың екі жақты және нәтижеге жеткізетін тиімді тетіктерін қосымша пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Жобаның осы тұрпаты екі елдің ғарыш саласы үшін стратегиялық және келешегі бар деп танылды.
Тараптар 2004ж. 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағы кешенін тиімді пайдалану туралы екі жақты келісімді іске асырудың және соның негізінде ғарыш айлағында экологиялық анағұрлым қауіпсіз жаңа зымыран кешендерін құрудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар «Байқоңыр» ғарыш айлағы қызметін экологиялық тұрғыдан қауіпсіз ету бойынша бірлескен бағдарламаларды іске асыру жайы да сөз болды.
Тағы бір маңызды мәселе - Халықаралық ғарыш стансансына қазақстандық ғарышкерді ұшыру жайы да тақырыптан тыс қалмады.
Бұдан басқа Байқоңыр қаласының тұрғындары мен оның қонақтары үшін қолайлы жағдай жасау үшін қазақстандық әуе тасымалдаушысы қызмет көрсететін Астана – Байқоңыр – Астана, Алматы – Байқоңыр – Алматы, Байқоныр – Москва – Байкоңыр бағытында авиарейстер ашу мәселесі де сөз болды. Бұдан әрі аталған авиарейстер ашу мәселесі қазақстандық және ресейлік тиісті ұйымдармен шешілетін болады.
Сондай-ақ «Байқоңыр» кешеніндегі мүлікті пайдалану (соның ішінде арнайы мақсат үшін пайдаланылмайтын мүліктер), ғарыш айлағындағы объектілердегі арнайы жұмысты атқару үшін қазақстандық мамандарға рұқсат беру, тиісті құжаттаманы алу, оларды осы жылғы ғарыш айлағынан ұшыруларға жіберу, «Байқоңыр» ғарыш айлағының 60-жылдығына орай Байқоңыр қаласында осы мерейтойларға арналған мерекелік іс-шараларды іске асыру.
Тараптар уағдаласқан мәселелер бойынша қажетті шаралар қабылдайтын болып келісті.