ҚАЗАҚСТАНДА «ЖЕҢІС» ЭСТАФЕТАСЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін ресейлік шекарашылар Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіс» эстафетасын салтанатты түрде қазақстандық әріптестеріне табыстады, деп хабарлайды 24.kz.
ТМД мемлекеттерінің шекарасы арқылы өтетін эстафета осы жылдың басында Брест қаласынан басталған болатын. Шараның мақсаты шекарашылардың мемлекеттің іргесін қорғаудағы жауынгерлік ерлік істерін насихаттау, жас буынды отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеуді көздейді. Сондай-ақ шара татулық пен бірлікті ту еткен Достастық елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Ресей Федерациясының шекарашылары эстафета нышанын Шығыс Қазақстанның Шемонаиха ауданындағы «Уба» бақылау-өткізу бекетіне жеткізді. Ал оны салтанатты түрде қабылдау шарасы Өскемендегі Даңқ мемориалының жанында өтті. Одан ары эстафета 4 елде болып, соңында Мәскеуге жеткізіледі. Нұрлан Керімбаев, ҚР ҰҚК Шекара қызметі бас басқармасы басшысының орынбасары: - 2 ақпанда Беларусьтың Брест қаласында басталып, Ресей Федерациясында жалғасты. Бүгін сыртқы шекара бойынша ТМД елдерінен өтеді. Сосын Өскемен, Астана, Алматы, Қордай, Тараз қаласынан өтіп, 2 мамырда қырғыз шекарашыларына береміз.