ҚАМДАНҒАН ҚАПЫ ҚАЛМАЙДЫ
Құмкөл кенішінде «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ «Өртке қарсы қызмет» бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен «Өртті сөндіргеннен – болдырмау жолын қамтыған жөн!» тақырыбымен конкурс болып өтті. Іс-шара негізінен «ПҚҚР» АҚ кәсіподақ комитетімен бірлесіп өткізілді.
«ПҚҚР» АҚ құрылымында «Өртке қарсы қызмет» бөлімі - маңызды бөлімшелердің бірі. Көпшілікке белгілі, мұнай кеніштері өрт- және жарылу қаупі бар кеніштер санатына жататындықтан, мұнай өндіру саласында өрт қауіпсіздігіне айрықша назар аударылуы – заңдылық.
- Байырғы өрт сөндірушілер үшін 17 сәуір – ерекше күн, бұл күні жыл сайын «Өртке қарсы қызмет» саласының қызметкерлері өздерінің кәсіби мейрамдарын атап өтетін, - дейді «Өрт қауіпсіздігі» бөлімінің бастығы Жомартбек Телеубаев. – Құмкөлдегі дәстүр бойынша жыл сайын өрт сөндірушілер конкурсы өтеді. Басты мақсат - өртке қарсы қызмет мамандарының шеберліктерін шыңдау, көпшілікті өрттің алдын алу жұмыстарына ынталандыру және өрттен құтқарушылардың дайындығын тексеру. Мұнайшылармен өткізілетін өрттің алдын алу бойынша оқу-жаттығу және техникалық қауіпсіздікті ұйымдастыру шаралары өз жемісін беріп жатқанын атап көрсетуіміз қажет.
Ширек ғасырдан астам уақыт бойы мұнайшылармен тұрақты өткізілетін өрттің алдын алу бойынша оқу-жаттығу және техникалық қауіпсіздікті ұйымдастыру шаралары өз жемісін беріп келеді. Мамандар мен сарапшылар кеніштердегі өртке қарсы қызмет мамандарының біліктілігін жоғары бағалайды. Мұнайшылар өрт сөндірушілердің жұмысының оңай еместігін біледі. Сондықтан да өз кәсібіне лайықты жандар ғана еңбек ететін өртке қарсы қызмет саласының мамандарына қойылатын сұраныс пен талаптар да жоғары.
Өртті болдырмау бойынша екі кезеңнен тұратын конкурсқа «ПҚҚР» АҚ кәсіпшілігінің 18 ұжымы қатысты. Конкурстың бірінші турында командалар (үш адам) - сайыс шартын орындаудың сапасы мен жылдамдығын сарапқа салды: кедергілер алабын еңсеру, 50 метр қашықтыққа жүгіру, және ақтық бәсеке – қаңылтыр табадағы жалынды ұнтақты өрт сөндіргішпен сөндіру болды. Жарыстың екінші кезеңінің шарты бойынша, қатысушылар бес метр қашықтықта орналасқан өрт сөндіру кранынан су алып, нысанадағы саңылау арқылы 10-литрлік ыдысты сигналдық шамшырақ іске қосылғанға дейін сумен толтыруға тиіс болды.

Конкурстың жалпы қорытындысын осы іс-шараға арнайы шақырылған Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі Болатбек Қосмұратов жариялады.
Марапаттаудың салтанатты рәсімінде компанияның осы конкурсты қолдап, ұйымдастыруға атсалысып, белсенді түрде қатысқан қызметкерлеріне дипломдар, бағалы жүлделер табыс етілді. «Құмкөл» кәсіпшілігінің директоры Брюс Андерсон БӨАжА жетекші инженері Ақназаров Бақытқа, шаруашылық бөлімінің ұйымдастырушысы Шегентаев Молдабекке, «ПҚҚР» АҚ ӨҚБ өрт сөндіру машинасының жүргізушісі Әбдірахманов Асылбекке, «Құмкөл-сервис» ЖШС, «Нұрсат-Бауыр» ЖШС электр-газ дәнекерлеушілері Әлкенов Әбдіжаппар мен Ниязымбетов Дәулетке дипломдар және бағалы сыйлықтар тапсырды.
Келесі кезекте жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сый-сияпат көрсетілді. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша «ҚАМ-1» командасы неғұрлым жоғары балл жинағаны белгілі болды. Бұл командаға бірінші орын тағайындалып, көшпелі Кубок тапсырылды. Құмкөл кенішінің өндіріс жөніндегі директоры Брюс Андерсон мен Компанияның кәсіподақ комитетінің төрағасы Елеусін Дүйсенов жүлдегерлер – Арысқұм ҚҚС операторы Абылайхан Мырзабековке, Арысқұм ОМҚБ операторы Асқар Ерболға және ҚАМ МГӨЦ операторы Аман Нәбиевке медальдар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.
Екінші орынды Құмкөл МРБ командасы (Жаңабай Рыспамбетов, Ерсұлтан Ескендіров, Асқар Төлебаев) еншіледі, ал үшінші орын Технологиялық топ ұжымына (Алмат Қилыбаев, Еркін Сүйеубаев, Абай Қалтаев) бұйырды. Жүлдегерлердің әрқайсына алған орындарына қарай медальдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
- Біз бұл конкурсқа бірінші рет қатысып отырмыз, сондықтан да жеңісіміз көңілімізді марқайтып тастады, - дейді алғаш рет чемпион болған Асқар Ербол. – Ұйымдастырушыларға рахмет, осындай жарыстар жиі өткізіліп тұрса деген тілегіміз бар. Конкурс шарттарын орындау оңай болмады, бірақ біз дайындалдық және көкейімізде жеңіске деген үміт болды. Ең бастысы – біздің қандай жағдайға да сақадай сай дайын екендігімізді дәлелдедік және де бұдан былай да өз шеберлігімізді ұштай береміз.
Дастан ДЕМЕСБАЙ.
Суреттерді түсірген Андрей ТАЙГУНОВ.