ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ КӨРСЕТІЛДІ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығында журналистерге арналған брифинг өткізілді. Осы шараға Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы С.Мұстафаев қатысып, үстіміздегі жылдың 1 тоқсан нәтижелерін баяндады. Сонымен, бюджетке жоспарлаған 15 млрд 058 млн теңге орнына 17 млрд 592 млн теңге түсті. Ол жоспардан тыс 116,8% құрайды.
Уәкілетті мемлекеттік органдармен біріккен жұмыс нәтижесінде бірінші тоқсанда 144 таксист, 24 жүк тасушылар, пәтерін жалға беретіндер, құрылыс жұмыстар жасайтын, дәрігерлік және басқа қызмет көрсететін тұлғалар есепке тіркелді.
Экономикалық қылмыстармен күресу саласында 68 қылмыстық іс қозғалды. Қозғалған істер бойынша мемлекетке 360 млн теңгеден аса залал өтелді. Оның ішінде салықтан және басқа міндетті төлемдерден жалтару бойынша 313,6 млн теңге өтеліп отыр.
Еркін САРСЕНБАЕВ