ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ РҚШ МҮШЕЛЕРІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін, 2015 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Ақмола облысының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды кандидаттың сайлауалды штабының баспасөз қызметі.
Делегация құрамында – ҚР Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, Қазақстан Патриоттары партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Анатолий Башмаков бар.
Сапар барысында РҚШ мүшелері «Көкшетау» мәдениет сарайында, «Көкшетау» облыстық қан орталығында, «Көкшетау минералды сулар» өндірістік кәсіпорны мен ҚР ІІМ Көкшетау техникалық институтында болды.
«Кәсіпкер және аграршылардың өкілі ретінде бизнеске үнемі қолдау көрсетіп жатқаны үшін мен Президентке рахмет айтамын. 2001 жылы біз өз кәсібімізді жеті адам болып бастадық, бүгін бізде бес жүзге жуық адам еңбек етеді. Бұл бес жүзге жуық отбасының тұрақты кірісі бар деген сөз. Мемлекеттік қолдау дегеніміз бүгінгі күні ол 5 % -дық ең төмен деңгейдегі несиелер, ҚазАгроҚаржы мен «Даму» қоры, «Бизнестің жол картасы» беретін 7 % -дық көмек қаржылары. Көптеген жылдардан бері біз Президенттің қолдауын қатты сезіп келеміз», - деп атап өтті облыс белсенділерімен кездесу барысында «Есіл-Агро» ЖШС директоры Асылбек Ісмағамбетов.
Өз кезегінде Көкшетау қалалық ауруханасының кардиология бөлімінің меңгерушісі Сергей Зиборов неліктен өз отбасының 26 сәуірде Елбасыға дауыс беретінін тілге тиек етті.
«Ұлтыңның, дініңнің немесе туған тіліңнің қандай екеніне мән бермей, бәріне бірдей қарайтын мемлекетте өмір сүру – зор бақыт. Қазақстанды әлемдегі келісім мен халық бірлігінің аралына айналдырғаны үшін мен Нұрсұлтан Назарбаевқа шын ниетпен алғыс айтамын», - деді С.Зиборов.
«Кәсіпкерлер, орта тап – бұл кез келген мемлекеттің тірегі. Біздің мақтанатын да, бағалайтын да және айрылып қалатын да нәрсеміз бар. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауда жеңіске жетуі бизнес үшін алдағы уақытта табысты дамудың кепілі болады», - деді «Көкшетау минералды сулар» АҚ-ның Директорлар кеңесінің төрағасы Асқар Әлиев.
«Өз жерімнің патриоты ретінде мынаны айтқым келеді, біздің Қазақстанымыз ұлы және мүмкіндіктері тең ел! Менің тағдырым осының жарқын мысалы: менің ғылыми дәрежем бар, ғылыми жұмыстармен айналысамын, «2014 жылдың үздік дәрігері» атағын алдым. Менің тағдырым барлық қазақстандықтардың тағдыры сияқты Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен тығыз байланысты деп есептеймін. Ол менің көшбасшым, ол біздің бәріміздің көшбасшымыз. Оның соңынан барлық Қазақстан халқы ереді!», - деді өз сөзінде Ақмола облыстық ауруханасының неврологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Мақшәріп Мартазанов.
Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығы арқасында біздің еліміздің – тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстарын айта келіп, ақмолалықтар өздерінің Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге ертеңгі күндеріне сенімді екендерін мәлімдеді. Сондықтан халық президенттік сайлауда бейбітшіліктің, бірліктің және Қазақстанның гүлденуінің символы болып табылатын Елбасы үшін дауыс беретін болады.

Комментарии 1