ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ Т.СЫЗДЫҚОВ АСТАНАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ МүШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін ҚКХП атынан Президенттікке кандидат Т.Сыздықов Астана қаласында республикалық сайлауалды штабының мүшелерімен кездесіп, үгіт-насихат науқанының барысы мен аймақтардағы сайлаушылармен кездесу нәтижелерін талқылады.
Кездесудің басында Тұрғын Ысқақұлы жалпы атқарылған жұмысқа қанағаттанып отырғандығын жеткізді.
«Біз қазіргі кезде өзінің өзектілігін жоғалтпаған марксизм-ленинизм идеяларына негізделген менің сайлауалды тұғырнамамды жеткізе білдік.
Халықтардың бейбіт өмір сүруі, төзімділік, жаңалыққа және өркендеуге ұмтылыс – бұл бірінше орында тұрған жалпы адамдық құндылықтар. Оларды алға тарту – жер бетіндегі бейбітшілікті қамтамасыз ету жолы болып табылады. Интернационализм мен отбасылық құндылықтардың маңыздығын түсіну мемлекеттің ілгері дамуының кепілі болып келеді.
Жас ұрпаққа бала кезінен бастап халықтарда тарихи қалыптасқан төзімділікті, шыдамдылықты, үлкендерді құрметтеуді қамтамасыз ету үшін жауапкершілік сезімдерін сіңіру қажет.
«Коммунистік халықтық партиясы қоғамдық дамудың материалдық теориясына негізделген фундаменталды қағидаларды өзінің қызметінде қатаң басшылыққа алып келеді», - деді ол.
Т.Сыздықовтың пайымдауынша, оның ҚКХП атынан Президенттікке кандидат ретінде сайлау науқанына қатысуы халықтың назарын батыс мәдениетінің жағымсыз тұстарына аударуға мүмкіндік берді.
«Батыс құндылықтары әдетте жалған болып келеді және тек өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруды ғана көздейтін тұтынушы-адамды қалыптастыруға бағытталған. Бұл ақшаға табынушылықты тудырып, адамдардың жеңіл табыс алуына және адамгершілік қағидаларынан бас тартуына итермелейді. Батыстық тұрмыс салты мен мәдениеті тұғырыққа тірелді.
Сонымен бірге Тұрғын Ысқақұлы айтқандай, батыстық жойқын мәдениетті тарату кинематограф өнімдері, компьютерлік ойындар, ғаламтордың әлеуметтік желілері, әдебиет және қоғамдық тамақтандыру салалары арқылы жүзеге асырылады.
Атап айтқанда ол: «Батыс мәдениеті тығырыққа бара жатыр және оған зорлық-зомбылықты, бассыздық пен жеңіл табысқа ұмтылысты насихаттау әсерін тигізуде», - деп атап өті.
Өз кезегінде кандидаттың сайлауалды штабының жетекшісі А.Қоныров: «кандидатты қолдау үгіт-насихат кампаниясының жоспары жалпы толық көлемде іске асырылып келеді. Барлық жоспарланған шаралар дер кезінде атқарылды.
Осы тұрғыда мен біздің шаралардың бұқаралық ақпарат құралдарында, солардың қатарында республикалық телеарналарда кеңінен сипатталғанын айтқым келеді. Біз ғаламтордың әлеуметтік желілерінде сапалы жұмыс жасадық және ол сайлаушылардың басым бөлігін Тұрғын Ысқақұлының сайлауалды тұғырнамасымен таныстыруға мүмкіндік берді», - деді.
А.Қоныров сонымен бірге республикалық сайлауалды штабының қызметіне халықаралық бақылаушылардың назар аударғанын атап өтті.
«Біздің республикалық және аймақтық штабтарымызға ЕҚЫҰ бақылаушылары келіп, Т.Сыздықов қолдаушыларының атқарып отырған жұмысымен танысты.
Олар біздің сайлаушыларымызбен кездесуіміз секілді кейбір іс-шараларымызға қатысты. Халықпен жұмыс жасауға деген мақсатымыз бен ашықтығымызға куә болды», - деді А.Қоныров.

Комментарии 1