ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ ӨТКІЗІЛУДЕ
Қазақстанда Х Еуропалық иммундау апталығы (ЕИА) басталды. Иммундауға тұрғындардың назарын аудару және оның маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру жолымен екпемен қамту деңгейін арттыруды көздейтін шара республика бойынша осы жылдың 20 мен 25 сәуірі аралығында өткізіледі.
«Биыл Қазақстандағы Еуропалық иммундау апталығы «Алдын алу, қорғау, егу» ұранымен өткізіледі. ЕИА аясында медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында мамандар кеңес беретін ашық есік күндері өткізіліп, халық көп жиналатын жерлерде медициналық қалашықтар ұйымдастырылып, тақырыптық бейне және аудио роликтер көрсетіледі», -делінген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Перзентханаларда, перинаталдық орталықтарда, ауруханалардың балалар бөлімдерінде және емханаларда ақпараттық-білім беру материалдары таратылып, иммунопрофилактиканың пайдасы туралы дәрістер оқылады.
Айта кету керек, 20-25 сәуір аралығында облысымызда «Алдын алу, қорғау, иммундау» ұранымен өтетін «Иммундау апталығы» №1 емханада өтуде. Жоспарлы жүргізіліп жатқан егуден басқа, себепсіз, дер кезінде егулерін алмай жүрген адамдарды, балаларды егумен қамту, екпелерге мән қоймай жүрген ата-аналарға түсіндіру мақсатында өткізілетін акцияның міндеті жиналған тұрғындарға қала, емхана көлеміндегі соңғы 3 жылғы екпелердің арқасында аурушаңдықтың азайғанын түсіндіру.