СОТ ҰЖЫМЫ ҰОС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Мереке қарсаңында Қызылорда қалалық №2 сотының ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері Дүйсенбай Мұсаұлы ақсақалдың үйіне құттықтап барды. Бұл туралы қалалық №2 сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Ардагер соғыс жылдарында жаумен қалай айқасқандығы, тылдағы еңбек жолдары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, қарт жауынгер соғыстың қиындығы мен ауыртпалығы туралы естеліктер айтып, басынан кешкен оқиғаларымен бөлісті. Кейінгі ұрпақ үшін кеудесін оққа төсеген ардагерлеріміз қандай құрметке де лайық деген сот ұжымы қарт майдангерге сыйлық ұсынып, матералдық көмек көрсетті. Ақсақал сот ұжымына көңіл бөліп келгендеріне алғысын білдірді.