ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ СҚО-ДА БОЛДЫ
Бүгін Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Н.Назарбаевтың сайлауалды штабы Солтүстік Қазақстан облысында болып, жергілікті активпен, еңбек ұжымдарымен және этномәдени орталықтардың өкілдерімен кездесті.
Делегация құрамында – Қазақстан Республикасы Президенттігіне Үміткер Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, "Ақ жол" Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, "Бірлік" партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, ғылыми және шығармашыл зиялылар бар.
Н.Погодин атындағы орыс драма-театрының залында облыс активімен кездесу өтті, онда Елбасының тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен дамуындағы баға жетпес еңбегі аталып өтті. Дәлірек айтсақ, аймақтың жастары атынын телекоммуникация компаниясының қызметкері Елена Косенкова сөз сөйледі. Ол қазақстандықтардың жаңа ұрпағы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағытын толығымен қолдайды, деп баса айтты.
«Президент жастарға ерекше көңіл бөліп келеді. Ол біз үшін алдыңғы қатарлы мектептер мен университеттер салады, Елбасы біз үшін «Болашақ» және «Дипломмен ауылға» сынды жобалар жасақтады. Бүгінде қазақстандық жастар шет елде білім алу, жақсы жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие және өз болашағын сенімді құруда! Біз мұндай қамқорлықты жоғары бағалаймыз және тек Нұрсұлтан Назарбаевқа ғана дауыс береміз», - деді Е.Косенкова.
Петропавл ауыр машинақұрылысы зауытының аумағындағы РҚШ мүшелерінің Петропавл қаласының өндіріс саласының жұмысшыларымен кездесуі барысында зауыт қызметкерлері өнеркәсіптік өндіріс өсімін ерекше атап өтті. Сонымен, 2014 жылы Президенттің индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысында 4,5 млрд теңгеге 4 нысан бой көтерді. Мыңдаған жұмыс орындары ашылды.
«ПАМҚЗ»АҚ жұмысшысы Нина Щербинина атап өткендей, «Мен зауытта 50-жылдай жұмыс істеп келемін. Осы сайлауда бұған дейінгі сайлаулардағыдай біздің Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауыс беремін. Себебі, біз әрқашан Президентіміз тарапынан үлкен қамқорлықты сезіп келеміз! Жұмысшылар Елбасыға дауыс беретін болады».
Келесі кездесу барысында облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық халықтың бірлігін нығайтудағы ролін атап өтті.
«Қазақстан біздің Отанымыз, бізге туған жерімізде бейбітшіліктің орнығуы жолында үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Біз- этномәддени бірлестіктердің өкілдері бірлік пен ынтымақ үшін, келісім мен достық үшін Президентке разымыз. Мен өзімнің балалары мен немерелерім бейбітшілік пен келісімде өмір сүргенін қалаймын. Сондықтан да мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа дауыс беремін!»-деді «Қазақстанның орыстар қоғамдастығы» облыстық филиалының төрағасы Николай Авдеев.
РҚШ мүшелерінің сапарларының соңғы жері Солтүстік Қазақстан облысындағы «Сүтөнім» зауыты болды. Аталмыш зауыттың жұмысшысы Диана Хайрулина кәсіпорынның Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдаумен 2009 жылы құрылғанын айтып өтті.
«Мен бұл зауытта 2 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмын. Мен мұнда жоғары оқу орнын бітіре салысымен жұмысқа орналастым. Біздің жұмыс істеуімізге мұнда жақсы жағдай жасалған, жалақымыз да жаман емес. Мен және менің әріптестерім үшін басты мәселе осы. Сол үшін де мен барлық әріптестерімді Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беруге шақырамын. Президент халық үшін бәрін жасап отыр»,-деді Диана Хайрулина.