«ХАЛЫҚТЫҚ МАРКА» КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МИЛАНДА ӨТЕТІН КӨРМЕГЕ ҚАТЫСА АЛАДЫ
Қазақстанда «Халықтық марка» конкурсы басталды. Енді қазақстандықтардың үздіктерді таңдауға мүмкіндігі бар. Конкурс барысында алғаш рет көпшілік тұтынушылардың дауыс беруімен 30 тауар нарығының көшбасшылары анықталатын болады. «Халықтық марка» жеңімпазы аталған кәсіпорын-қатысушылар ЭКСПО-2015 Бүкіләлемдік көрмесіне қатыса алады. Көрме итальялық Милан қаласында 1 мамыр мен 31 қазан аралығында «Ғаламшарды азықтандыру. Өмір энергиясы» тақырыбында өтетін болады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» қоры бас директорының кеңесшісі Римма Тәжібаева «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
Р.Тәжібаеваның хабарлауынша, бұл көрмеге 148 ел қатысады. Олардың елуі жеке павильондарын салды. Соның ішінде Қазақстанның ұлттық павильоны бірнеше экспозициялық залдан тұрады, көлемі бойынша алтыншы орында тұр. Көрме барысында еліміздегі егін және мал шаруашылығы таныстырылады. Көрмеге қатысудағы бір себеп, жоспарланған «Астана ЕХРО-2017» халықаралық көрмесіне туристерді тарту болғандықтан, осы көрмеге қатысу арқылы қонақтарды шақыру жұмыстары жүргізіледі.
«Қазақстан павильонына 5 млн турист тартылады деп күтілуде. Олардың назарына еліміз туралы қызықты деректер, Қазақстанның су шаруашылығы, экология және ауыл шаруашылығы таныстырылмақ. Одан бөлек, қонақтар дәстүрлі ұлттық тағамымыздан ауыз тие алады», - деді Р.Тәжібаева.
Айта кетейік, Миланда өтетін көрмеге қатысуға ниет білдіретін қазақстандықтар үшін арнайы жеңілдіктер қарастырылған.
Шынар БЕКБАН