КАНДИДАТ Т.СЫЗДЫҚОВ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ҚТЖ ҰК» АҚ ЛОКОМОТИВ ДЕПО-СЫ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін ҚКХП ұсынған Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықов «ҚТЖ ҰК» АҚ Локомотив ДЕПО-сы жұмысшылар ұжымымен кездесті.
Кездесуді аймақтық штабтың жетекшісі, Ақмола облыстық комитеттің бірінші хатшысы Б.Д. Мажитов жүргізді.
Кездесу барысында кандидат Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттарымен таныстырды: «Қазақстан Коммунистік Халықтық партиясы марксизм-ленинизм ғылымы мен идеяларына және қоғамдық дамудың материалистік теорияларына сүйеніп қызмет атқарады.
Кездесу кезінде кандидат батыстық стандарттар мен тұтынушылық мәдениеттің теріс ықпалына тоқталып өтті.
«Батыс мәдениеті – бұл үлгі аларлық қағидат емес, өйткені батыстық құндылықтар, шындығына келгенде, жалған.
Тұтынушылыққа деген бетбұрыс жастардың бағдарын өзгертеді. Бұл Батыста дүниеқоңыздық туғызып, материалдық қажеттілікті қанағаттандыруды өмірдің мәні деп қарастыратын құндылықтарды қалыптастыруда», - деп бастады өз сөзін ҚР Президенттігіне кандидат.
Кандидат Т.Сыздықовтың пікірінше,«бейбітшілік, адамгершілік, интернационализм – адамзаттың бүгінгі даму кезеңінде басты құндылықтарға айналуда.
Жасампаздық және толеранттылық құндылықтары даму мен прогресстің басты жолдары ретінде әлем сахналарынан көптеп айтылуда.
Әлем саясатының басты мақсаты барлық елдердің адамзат үшін бейбітшілікке ынтымақтасуын алдыңғы қатарғақойып отыр».
Т.Сыздықовтың ойынша,«адамгершілік өркениеттің дамуының негізі болып тыбылады.
Жер бетіндегі бейбітшілік пен келісім біздің өркендеуімізге алып келді. Бұл құндылықтарды біз одан әрі еселеп болашақ ұрпаққа жеткізуіміз керек.
Жақыныңа деген сүйіспеншілік – бұл анамыздың сүтімен берілген халқымыздың дәстүрі.
Тарихи қонақжайлылық, ілтипаттылық, жанұялық құндылықтар мен үлкендерге деген құрмет бізді бүкіл әлеммен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Мұның барлығы біздің жерімізде қалыптасқан сенім мен жасампаздықты мазмұнға толтырады. Сондықтан тұрақтылық пен өркендеу одан әрі терең мағынаға және мазмұнға ие болады.
Соғыс пен хаосты білмейтін қастерлі жерді негізге ала отырып адамдар ертеңгі күнге сеніммен қарайды».
Осы себептен адамгершілік, толлеранттылық, интернациолизм біздің басты бағытымыз болып қала бермек.
Өз кезегінде облыстық сайлауалды штабтың жетекшісі Б.Мажитов, республикалық және облыстық сайлауалды штабтардың белсенді насихат жұмыстарын жүргізіп жатқандығын атап өтті.
Күн сайын сайлаушылармен кездесулер, таныту шаралары өткізіліп, бұл шаралар республикалық және аймақтық баспа мен электрондық БАҚ-та көрініс табуда.
Б.Мажитов атап өткендей, «біздің штабта 5 сенімді тұлға және жиырмаға жуық облыстық комитеттің қызметкерлері насихат материалдарын тарату және халықпен кездесуді ұйымдастыру, сайлаушылардың пәтерлерін аралау жұмыстарын атқаруда».
Сонымен қатар, сайлауалды жұмыста біздің «Коммунист Казахстана» газетіміз, партияның сайты және әлеуметтік желілер, интернет сияқты өзге де қазіргі заман байланыс құралдары кең қолданылуда.»