ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ СУБЪЕКТІЛЕРІ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ЖОЛ БЕРГЕН
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті "Табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шартты беру кезіндегі заң талаптарының сақталуы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстағы департаменті хабарлады.
Аталған іс-шарада облыстық жергілікті мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік палатасының және табиғи монополия субъектілерінің өкілдері қатысты, және де табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шартты беру кезіндегі заңдылықтың сақталу жағдайы талқыланды.
Дөңгелек үстел барысында табиғи монополия субъектілері тарапынан көптеген заңбұзушылықтарға, атап айтқанда кәсіпкерлердің өтініштерін қарау мерзімдерін сақтамау, техникалық шарттар беруден заңсыз бас тарту, заңға қайшы талаптар белгілеу, заңнамада көзделмеген құжаттарды талап ету және т.б. заңбұзушылықтарға жол берілгендігі атап өтілді.
Одан басқа, орын алған заңбұзушылықтар бойынша табиғи монополия субъектілерінің: "Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы" АҚ, "Қызылорда су жүйесі" МКК және "Қызылордажылуэлектрорталығы" МКК өкілдері баяндады.
Дөңгелек үстөл соңында табиғи монополия субъектілеріне техникалық шарттарды беру кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақталуы және барлық тұтынушыларға реттелетін қызметтерді көрсетуде тең жағдайлар ұсынылуы тапсырылды.