ДҮЙСЕНБІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР АЙМАҚТАРЫНДА ЖЕЛ КҮШЕЙІП, КҮН КҮРКІРЕЙДІ
Республиканың орталық, шығыс аймақтарында, солтүстік және оңтүстігінде кейбір жерлерде ауа күн ашық болады, Қазақстанның қалған аймақтарда атмосфералық фронтальдық ағынның өтуі әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, кей жерлерде күн күркіреп, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, тұман, желдің күшеюі ықтимал.
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
Қостанай, күндіз Алматы, Жамбыл облыстарының кейбір жерлерінде желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, күн күркіреуі болжануда. Маңғыстау облысының кейбір жерлерінде найзағай ойнап, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақтөбе облысының кейбір жерлерінде жел (15-20 м/с) тұрып, күндіз кей жерлерде күн күркірейді. Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтілуде. Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде күн күркіреп, найзағай ойнайды. Солтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде тұман түсіп, жел (15-20 м/с) соғады.