ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАРЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУЫ ӨТТІ
2015 жылдың 17 сәуірде облыстық "Балалар бастауы-2015" байқауы өтті. Қорытындысы бойынша жүлделі орындар белгіленіп, үздік жұмыстар республикалық байқауға жолданады. Аталған іс-шараның мақсаты - балаларды белсенді азаматтық ұстаныммен тәрбиелеу, өзінің тұрып жатқан қаласының, ауылының өміріне қатысу құқығын қамтамасыз ету, дұрыс өмірлік бағдарын таңдау дағдыларын баулу, балалар бастамаларының іске асыру алаңын құру болып табылады.
Қоғамдық тыңдауға балалар қоғамдық бірлестіктерінің 20-дан астам жұмыстары ұсынылды. Аталған шарада Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласының балалар қоғамдық бірлестігінің белсенділері қатысып, экология, денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, білім саласындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша жобаларын ортаға салады. Мәселен, «Арал өңірінде экотуризмді дамыту», «АКТ-ның 13– 15 жас аралығындағы жасөспірімдердің өміріндегі ролі», «Қызылорда облысының тұрмыстық қалдықтарын өңдеу», «Бала идеясы – Мәңгілік ел бастауы», «Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың бизнесін басқару», «Қызылорда қаласы жасөспірімдеріндегі қан аздық ауруына қымыздың әсері» және т.б. тақырыптарда ұсынылды.
Ұсынылған жобалар жергілікті атқарушы органдар, «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен қорғалды.
Тыңдаулардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар Халықаралық балалар күніне орай Астана қаласында өтетін республикалық тыңдауға қатысады.