ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА БОЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық сайлауалды штабының өкілдері Қостанай облысында болды. Мұнда олар егіншілермен, өңірдің еңбек ұжымдарымен кездесіп, Ұлт Көшбасшысы жақтастарының форумына қатысты.
Бюджеттік сала қызметкерлерімен кездесу барысында №1 Рудный қалалық жетімдер мен ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың мұғалімі Ирина Дмитриева пелагогтар қауымының Президентпен мақтанатынын айтты. Өйткені, ол Қазақстанның болашағы - жастарға өте үлкен көңіл бөліп келеді дейді ол.
"Ұлт көшбасшысы балаларды ешқашан назарынан тыс қалдырған емес. Тек соңғы бірнеше жылдың ішінде Қазақстанда балалар құқығын қорғауға бағытталған 12 қаулы қабылданды" деп атап өтті И.Дмитриева.
Сондай-ақ, Н.Назарбаевтың атына егінші шаруалар да үлкен алғыс білдірді. Олар да Елбасының қолдауы арқасында елдегі агрария саласы қарқынды дамып келе жатқанын айтып отыр. Фермерлер заманауи техникалармен жабдықталған, шаруа қожалықтарындағы мал басы артып келеді, егін алқаптарында жерді құнарландырудың жаңа технологиялары енгізіліп, инновациялық жобалар қолға алынуда дейді олар.
"Біз ертеңгі күнімізге үнемі сеніммен қараймыз. Өйткені, біздің Елбасы бізге қамқорлығын аяп отырған жоқ. Біз ауыл тұрғындарының өмір сапасының артқанын да сезіп отырмыз. Мысал ретінде біздің ауылды алуға болады. Бізде заманауи мал шаруашылығы кешені, сүт өңдеу цехы, наубайхана, мәдениет үйі бар" деді "Садчиковское" ЖШС-нің жұмысшысы Елена Шархиева.
Штаб мүшелері сондай-ақ, "ЕвразКаспианСталь" ЖШС зауытының ұжымымен де кездесті. Аталған кәсіпорын "Индустриаландыру картасы" және "Бизнестік жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламаларының аясында салынған.
"Мемлекет басшысының саясатының арқасында Қазақстанда жыл сайын жаңа зауыттар ашылып, бүтін бір сала пайда болып жатады. Айналдырған 4 жылдың ішінде біздің зауыт толық аяққа тұрды. "ЕвразКаспианСталь" тек жұмыс орындарын ғана беріп отырған жоқ, сонымен қатар, оларға жоғары жалақы да ұсынып отыр. Біз ертеңгі күнімізге сенімдіміз, өйткені Елбасы бізбен бірге" дейді зауыт жұмысшысы Наталья Асташкина кездесу барысында.
«ЕвразКаспианСталь» ЖШС директоры Сергей Сотников кәсіпорын жетістіктерінің барлығы Елбасының арқасында екенін айтып, алдағы саяси науқанда зауыт ұжымы Нұрсұлтан Әбішұлын қолдайтынын жеткізді.
Осы күні штаб өкілдері "Қостанай диірмен комбинаты" ЖШС жұмысшыларымен де кездесу өткізді. Аталған комбинат елімізге танымал "Корона" макарон өнімдерін шығарумен айналысатырнын айта кету керек. Кәсіпорын ұжымы отандық өндірісті қолдап отырған Мемлекет басшысына алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар, Қостанай облысында Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау мақсатында мыңдаған адамның қатысуымен үлкен форум өтті.
"Елбасының ерекше ден қоюының арқасында еліміздің автоөнеркәсіп саласы қарқынды түрде дамып келеді. Өндіріс көлемінің ұлғаюы нәтижесінде 120 мың жаңа жұмыс орны құрылып отыр. Біздің зауытқа келген Елбасы SsangYoug Nomad автокөлігіне "Сәтті сапар!" деген ақ тілегін жазып қалдырды. Президенттің осы тілегі бізді өндіріс көлемін бұдан да арттыруға ынталандырды" дейді «Агромашхолдинг» АҚ Басқарма төрағасы Александр Сидоренко.