КАНДИДАТ Ә.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Атырау қаласының жұртшылығымен кездесті.
Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов атыраулықтарды экологияның қазіргі проблемаларын қозғайтын сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
«ХІХ-ХХ ғасырлардағы әлемдік өнеркәсіптік революция салдарынан жағымсыз экологиялық орта қалыптасты. ХХІ ғасыр адамдары сол жолды жалғастыратын болса, оның соңы үлкен техногендік апатқа ұшыратуы мүмкін.
Табиғат өмірге әкелген адам оның өзге де тіріжандары тәрізді экожүйенің ажырамас бөлігі ретінде тәртібіне көніп, заңдарына бағынды», - деді Ә.Құсайынов.
Өндірістік революция басталысымен жағдай мүлде өзгерді. Бұл өзгерістердің түптамыры көмірсутекті отындар – көмір, мұнай, тау-кен, газ өндірісі мен оны пайдаланудан басталды. Оның соңынан ірі көлемде металлдар мен басқа да қазба байлықтары игеріле бастады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында адамзаттың қанағатсыздығы мен ашкөздігінен табиғатқа артылған ауыртпалық одан бетер күрделене түсті.
Жыл сайын Жер бетінен 11 млн гектар тропикалық орман жойылады – бұл табиғаттың қайта қалпына келу қабілетінен 10 есе артық, дейді кандидат.
Өз кезегінде, жағымсыз экологиялық ахуал ақыры соңында адамның өз денсаулығына нұсқан келтіруде. Себебін түсіну қиын емес: миллиондаған жылдар бойы оның ағзасы табиғи таза ортада өмір сүруге үйреніп қалған, сондықтан өз қоқыстарымен ластанған ортада тұру оған ауыр тиіп отыр.
ДДҰ мәліметтері бойынша, ластану деңгейі мөлшерден жоғары мегаполистердің саны жалпы қалалардың 50%-ын құрайды. Қарапайым қала тұрғыны жыл сайын 48 килограмм қауіпті канцероген жұтып, ауыл тұрғынына қарағанда 4 жылға аз өмір сүреді.
Бүгінде адамның кез келген іс-әрекеті –өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, рекреациялық – табиғатқа әсер етіп, оны өзгеріске ұшыратады. Бірақ адамзаттың үйреніп қалған қазіргі тұрмыс-тіршілігі ол өзгерістерден үзілді-кесілді бас тартуға мүмкіндік бермейді.
Қарапайым мысал келтірейін: орта көлемді жеңіл автокөлік бір жылда өз салмағымен бірдей көмірқышқыл газын ауаға тастайды. Автокөліктің ауаға шығарған қалдықтарының құрамында 280-нен аса зиянды зат бар. Бір ғана Еуропаның өзінде зиянды газдардан туындаған аурудан жыл сайын 225 мың адам көз жұмады. Дамушы елдерде бұл көрсеткіш 2 есеге көп.
Осыны ескере келе, өндірісте қоршаған ортаға ықпалы аз экологиялық таза технологияларды игеру қажеттілігі туындап отыр. Тиімді өнеркәсіптік экологияның негізгі қағидалары осындай.
Әр адам сау табиғат пен қолайлы қоршаған орта ғана адамзат өмірі мен болашағының кепілі бола алатынын сезінуі керек. Табиғат адамсыз миллиард жылдар бойы өмір сүріп келген, адамсыз да тіршілігін жалғастыра алады. Алайда адам толымды биосферасыз күн көре алмайды.
Қазір адам баласы жалпы ғаламдық экологиялық дамуды бақылау міндетін өз мойнына алуға қауқарлы.
Сондықтан біз бүгінде экологияны өз үйіміз жайлы ғылым ретінде түсініп, сезінуіміз қажет. Яғни, биосфера, оның даму ерекшелігі мен бұл процестегі адамның рөлін жақсы түсінгеніміз жөн.
«Менің сайлауалды тұғырнамамның басты мақсаты –экологиялық қауіпсіз дамуға көшу міндеттерін адамзат дамуымен қатар қарастыру. Бұл ретте экологиялық түйткілдер мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері назардан тыс қалмауы керек.
Қоғам биосфера заңдылықтарына қайшы келмейтін өмір салтын құруы қажет.
Үшінші мыңжылдықта экологиялық қауіпсіз дамуға көшу арқылы ел экономикасын ілгерілетудің жаңа үлгісін жасап шығу біздің ортақ міндетімізге айналуы тиіс.
Табиғатпен үйлесімді өмір сүру – адамның Жер бетіндегі өмірінің негізгі қағидасы. Өткеннің ұлы ойшылдары айтып кеткендей, табиғатты тек оның заңдарына бағына отырып билеуге болады. Біз Жер ананың жауы емес, перзенті екенін естен шығармайық», - деп қорытты Әбілғазы Құсайынов.