МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕКПЕНІ УАҚЫТЫНДА ҚАБЫЛДАУҒА ШАҚЫРДЫ
Облыс көлемінде 20-25 сәуір аралығында «Алдын алу, қорғау, иммундау» тақырыбында кең науқанды иммундау апталығы өткізіледі. Бұл туралы «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Ұлбосын Аханаева хабарлады. Иммундау апталығының негізгі мақсаты жұқпалы аурулардың тиімді алдын алу жолдарының бірі вакцинацияны халық арасында кеңінен насихаттау болып табылады.
- Облысымызда вакцинадан бас тартып жатқан ата-аналар, өкінішке орай бар. Олардың ішінде ауырып қалған, қалада болмай қалған секілді уақытша бас тартып отырғандар мен мүлдем бас тартып отырғандар. Бүгінде барлығы 67 ата-ана вакцина салдыртып отырған жоқ. Сондықтан жұқпалы ауруларға қарсы жүргізіліп жатқан алдын ала егу жұмыстарының арқасында қол жеткізілген нәтижелеріне қарап, қазіргі уақытта жұқпалы аурулардың алдын алумен оларға қарсы күресудің негізгі әдісі вакцинация болғандықтан барлықтарыңызды иммундау апталығы барысында өздеріңізге және балаларыңызға екпені уақытында алуға шақырамын, - деді Ұ.Аханаева.
Жыл басынан бері облысымызда қызылша ауруымен күдіктенген 131 адам тіркелді. Анализдерін тексеру арқылы оның 64 адамының қызылша ауруына шалдыққаны расталды. Айта кету керек, қызылша ауруы бойынша Қазақстан бойынша Қызылорда облысы Астана, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарынан кейін 6-7 орында тұр.
Шынар БЕКБАН