2015 ЖЫЛҒЫ 26 НАУРЫЗДАН БАСТАП ЖАРИЯЛАНҒАН БАҚ МАТЕРИАЛДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДІҢ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
Сайлау науқаны барысын және Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлау алдындағы үгітін жария ету бойынша 2015 жылғы 26 наурыздан бастап жарияланған БАҚ материалдарына мониторинг жүргізудің аралық қорытындылары.
Мониторинг 53 республикалық баспа басылымын, 16 республикалық телеарнаны, 179 өңірлік баспа басылымын, 29 өңірлік телеарнаны, сондай-ақ 7 ақпарат агенттігі мен 117 неғұрлым танымал қоғамдық-саяси интернет-ресурсты қамтиды.
Әлеуметтік желілерде мониторинг 200-ден астам қоғамдастық пен қоғамдық пікір жетекшілерінің 250 бетін, Youtube бейнепорталындағы 30 пайдаланушы арналарды, Twitterдегі өзекті хештегтер лентасындағы жаңартуларды қамтыды.
2015 жылғы 26 наурыздан 16 сәуірге дейінгі кезеңде республикалық және өңірлік БАҚ-тарда сайлау тақырыбы жөнінде 15662 материал жарияланды.
Республикалық телеарналарда эфирге 3335 сюжет (49%), радиода – 1121 материал (17%) газеттерде 556 мақала (8%), ал интернет-ресурстарда 1788 жарияланым (26%) орналастырылды.
Өңірлік БАҚ-тарда жалпы алғанда сайлауға байланысты 8862 материал жарияланды. Олардың ішінде 6997 сюжет (79%) телеарналар эфиріне шықты, 1619 (18%) баспа басылымдарында жарияланды және 246 (3%) материал интернет-ресурстарда орналастырылды.
Кандидаттар мен олардың штабтарының сайлауалды белсенділігі дәрежесі әр түрлі екенін атап өткен жөн. Мысалы, үгіт басталғаннан (26 наурыздан 14 сәуірге дейін) кандидат Н. Назарбаевтың - 48 (Республикалық қоғамдық штабтың кездесулері), Ә Құсайыновтың – 20, Т.Сыздықовтың – 18 ақпараттық себебі болды.
Кандидаттар Ә.Құсайынов пен Т.Сыздықовтың сайлауалды штабтарының жария ету үшін ақпараттық себептері екі есе кем болғанына қарамастан БАҚ-тарға олар кеңінен ұсынылған. Барлық кандидаттардың сандық көрсеткіштері бір деңгейде дерлік.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды қызметін БАҚ-та жария етуге қатысты айтсақ, 26 наурыздан бастап бұл тақырыпқа 8964 материал арналды, олардың 3442 - республикалық БАҚ-тарда, тағы 5522 – өңірлік БАҚ-тарда жарияланды.
Бұл ретте 3224 материал Ә.Құсайыновтың, 3884 – Н.Назарбаевтың және 3269-і Т.Сыздықовтың қызметін жария етті.
Бұл көрсеткіштер БАҚ түрлері бойынша да салыстырмалы.
Мысалы, республикалық баспа басылымдарында кандидат Ә. Құсайыновтың қызметі туралы материалдар бөлігі 31 %-ды, Н.Назарбаев туралы – 36%-ды және Т.Сыздықов туралы 33%-ды құрады, ал өңірлік газеттерде тиісінше 30%, 40% және 30%.
Ұқсас көрініс теле- және радиоарналарда шыққан сюжеттерде де байқалады.
Республикалық радиоарналарда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар туралы барлық материалдардың 32%-ы кандидат Ә. Құсайыновтың, 36%-ы Н. Назарбаевтың және 32%-ы Т. Сыздықовтың қызметін көрсетті.
Республикалық телеарналарда Ә. Құсайынов туралы сюжеттер бөлігі 34%-ды, Н. Назарбаев туралы 32%-ды және Т.Сыздықов туралы 34%-ды құрады. Өңірлік телеарналарда тиісінше - 31%, 37% және 32%.
Кандидаттардың сайлау алдындағы қызметін жария ету бойынша ақпараттық жұмыстан басқа БАҚ-та кандидаттардың сайлау қорларынан, сондай-ақ мемлекеттің кепілдігін қамтамасыз ету шеңберінде бюджеттен бөлінген қаражат есебінен төленген үгіттік материалдар орналастырылды.
Бюджеттен бөлінген қаражатты барлық кандидаттар белсенді игеруде. Атап айтқанда, 2015 жылғы 31 наурыздағы «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде ҚР Президенттігіне үш кандидаттың: Ә.Құсайыновтың, Н.Назарбаевтың және Т.Сыздықовтың сайлауалды бағдарламалары жарияланды. Бұл ретте қаржыландырудың екі көзі: 1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес республикалық бюджет қаражатынан және 2) 3 кандидаттың әрқайсының сайлау қорынан қаржыландыру көрсетілді.
Дегенмен, жариялануы тек қана сайлау қорларының қаражатынан қаржыландырылған үгіт материалдарын жеке қарастырсақ, жағдай біршама дәрежеде өзгеше. Ең алдымен, бұл кандидаттардың ұйымдастыру ресурстарының әр түрлі екенінен түсіндіріледі. Сайлау қорын уақтылы қалыптастыру, толықтыру және тиімді пайдалану көбінесе дәл соларға байланысты.
Мониторинг деректеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорынан төленген үгіт материалдарын Н.Назарбаевтың сайлау штабы неғұрлым белсенді орналастырады.
Үгіт науқанының басынан республикалық теледидарда Н.Назарбаевтың осындай 513, Т.Сыздықовтың – 119 және Ә.Құсайыновтың – 88 үгіттік материалы шықты. Республикалық радиода Н. Назарбаевтың 514, Ә.Құсайыновтың – 38 және Т.Сыздықовтың – 19 материалы. Баспа БАҚ-тарында Н.Назарбаевтың 14, Т.Сыздықовтың – 4 және Ә.Құсайыновтың – 2 материалы.
Мониторинг шеңберінде лауазымды тұлға болып табылатын және өздерінің қызметтік міндеттерін атқарып жүрген кандидаттардың қазіргі қызметі (сайлау тақырыбын ескермей) жөніндегі материалдар жекеше қадағаланатынын атап өту қажет. Сайлауға арналған материалдардың жалпы көлемінде олар ескерілмейді, себебі олар сайлау науқанымен байланысты емес.
Жалпы, тағайындалған сәтінен бастап сайлау науқанын жария ету процесіне бұқаралық ақпарат өкілдері белсенді кірісіп, ақпараттық кеңістікті аталған тақырыпқа арналған материалдармен толтыруды жалғастыруда деген шешім шығаруға болады.
Дегенмен, олардың назарында сайлау процесі мен сайлау рәсімдері ғана емес, сондай-ақ көбінесе тікелей кандидаттардың өздері. Олардың қызметі, сонымен қатар олардың сенім білдірген адамдары мен сайлау штабтарының қызметі жаңа ақпараттық себеп туғызып, тең жағдайда және салыстырмалы көлемде жария етіледі.
Мониторинг деректері кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына тең қолжетімділігі қамтамасыз етіліп отырғанын, ал сайлаушылардың Қазақстан Республикасының Президенттігіне тіркелген барлық кандидаттар туралы толық, сенімді және шынайы ақпаратты алуына мүмкіндіктері бар екенін айтады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
комиссиясының баспасөз қызметі