ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
Қызылордада 15-16 сәуірде Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасы мен БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар Қорымен бірлесіп ұйымдастыруымен «Баладан бас тарту: қоғамдық кеселдің алдын алудағы медиатехнологиялар мен кейстер дайындау» тақырыбында журналистерге арналған семинар өтті.
Қазақ және орыс тілінде болып екі секция бойынша өткізілген семинарда ана және бала мәселелерінде қалам тербеп жүрген журналистердің ақпараттық және құқықтық деңгейін көтеруде тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында ресейлік сарапшы Анна Белокрыльцева аталмыш мәселе бойынша репортаждар дайындауда этикалық ұстанымдары туралы сөз қозғады. Ал алматылық сарапшы Марианна Гурина Қазақстандағы баладан бас тарту секілді қоғамдық кесел бойынша оқиғаларды жариялап, қатысушыларға осы саладағы қордаланған мәселелерді шешу жолдары бойынша көлемді мақалалар мен облысымыздағы оң нәтижелер туралы айтып өтті.
Астана қаласындағы «Демеу» оқу-тәжірибе орталығының өкілі Гүлнар Кумарова мен Станислав Тен Елорданың медициналық ұйымдарындағы балалардан бас тарту жағдайларын болдырмау бағытындағы жұмыстар туралы мәліметтер келтіріп, осы тәжірибені Қазақстанның басқа да аймақтарына енгізуді ұсынды.
Шынар БЕКБАН