ҚЫЗЫЛОРДА КӨШЕЛЕРІНЕ АРДАГЕРЛЕРДІҢ СУРЕТІ БАР БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
Қызылорда көшелеріне Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің суреті бар билбордтар ілінді, деп хабарлайды BNews.kz.
Отан үшін от кешкен ардагерлерімізге осындай құрмет көрсетіліп жатқанына қала жұртшылығы да риза болды.
«Қызылордалық ардагерлер туралы кітап та жарыққа шығуға дайын. Біздің ұйым бұл жұмысты өткен жылы қолға алған еді. Кітапқа мақалалар, естеліктер мен очерктер, жүзден астам жергілікті майдангердің суреттері енеді», - деді облыстық ардагерлер кеңесінің менеджері Сандуғаш Тынымбаева.
Өкінішке қарай, өңірде Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер қатары жыл сайын сиреп барады. Бүгінде Қызылорда облысында бар болғаны 92 майдангер тұрады. Оларға қамқор болу – өскелең ұрпақтың негізгі міндеті.