ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ҮЕҰ ӨКІЛДЕРІ ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ
Облысымыздағы ҮЕҰ өкілдері алдағы Президент сайлауына қатысатын бақылаушылар тізімін ұсынды. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы Қауымдастығының төрайымы Әлима Әбдіқалықова хабарлады.
Әлима Әбдіқалықованың хабарлауынша, бақылаушылар тізіміне 9 ҮЕҰ өкілдері тіркелген. Олардың ішінде «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы, «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы, «Ауған соғысы ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігі, «Руханиятты қолдау» және «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорлары және тағы басқалары бар. Олар бүгінде облыстағы 345 сайлау учаскелеріне бекітілді.
- Қазіргі таңда Қауымдастық тарапынан байқаушылар тізімі қалалық, аудандық сайлау комиссияларына ұсынылды. Алдағы уақытта оларға куәліктер берілетін болады. Байқаушылардың сайлау науқаны барысындағы негізгі құқықтары мен міндеттерін түсіндіру бойынша облыстық сайлау комиссиясы тарапынан алдағы уақытта семинарлар ұйымдастырылу жоспарлануда, - деді Ә.Әбдіқалықова.
Сондай-ақ, кездесу барысында Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы Қауымдастығының төрайымы 26 сәуір күні өтетін Қазақстан Республикасының Президентін кезектен тыс сайлауына облыс тұрғындарын бір кісідей белсене қатысуға шақырып, Үндеуін жариялады.
Шынар БЕКБАН

Комментарии 2