ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІН ЖАҚЫНДАТУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАН АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ ПАРЫЗЫМЫЗ
Отан қорғаушы күні мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы – Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланған 2015 жылдың маңызды қоғамдық-саяси оқиғалары болып табылады.
Жеңістің 70 жылдығын мерекелеудің негізгі мақсаты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, тарихи миссия орындап, фашизимді жеңуге зор үлес қосқан ата-бабаларымызға құрмет көрсету болып табылады.
Бүгін, аталған мерекеге байланысты Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ш.Ибрашев, судьялар Ш.К.Қожантаев пен А.С.Байбулатовалар ұжым атынан Қызылорда қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері 95 жастағы Құлманов Бөрібай атаның үйіне барып, Ұлы Жеңіс күнімен арнайы құттықтады.
Құлманов Бөрібай 1920 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Амангелді ауылында дүниеге келген.
Соғыста көрсеткен Ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, Польшаны жаудан босатуға қатысқаны үшін «Отан» соғысының бірінші дәрежелі орденімен, «За победу над Германией в Великой Отчественной войне» медалімен және Ұлы Жеңістің 20, 25, 30, 40 ,55 ,60 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталған.
Сот төрағасы М.Ш.Ибрашев ардагерге мерекеге байланысты жүрекжарды лебізін жеткізіп, сыйлық табыстап, ардагермен сұхбаттасты.
Өз кезегінде Ұлы Отан соғысының ардагері Б.Құлманов сот ұжымына үлкен абырой, ел егемендігі жолында, әділеттіліктің ақ туын орнатудағы келелі істеріне береке тілеп, ақ батасын берді.
Жеңістің 70 жылдығына байланысты Ұлы Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан ардагерлерімізге құрмет көрсету кейінгі ұрпаққа парыз.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі