УНИВЕРСИТЕТ МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУДАН СӘТТІ ӨТТІ
Сыр өңіріндегі іргелі білім ордасы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №353 бұйрығымен мемлекеттік аттестаттаудан өтті.
Университет бұған дейін Білімдегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігінің аккредиттеу кеңесінің шешімімен арнайы институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткен болатын.
Аттестаттау барысында университеттің материалдық-техникалық базасы, профессор-оқытушылар құрамының әлеуеті, ғылыми-зерттеу жұмыстары, республикалық, шет елдік жоғары оқу орындарымен байланысы, білім алушылардың білім деңгейі тексеруден өтіп, нәтижесінде университеттің білім беру қызметі жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкестігі анықталды.
Аймақтағы білім мен ғылымның, мәдениет пен өнердің ордасы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қол жеткізген табыстары жетерлік. Болашағы баянды, келешегі кемел білім ошағының жетістіктері алдағы күндерде де еселене беретініне сенім мол.