17 СӘУІРГЕ АРНАЛҒАН АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ
Бүгін Республиканың батысында, солтүстік-шығысында және орталығында ауа райы жауын шашынсыз болады. Қазақстанның басқа аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын, найзағай, тұман, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.
Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Жамбыл облысының кей жерлерінде түнде тұман болады.