ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ АҚТӨБЕДЕ БОЛДЫ
Бүгін ҚР Президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық сайлауалды штабы Ақтөбеде болып, әлеуметтік сала мамандарымен, бизнес қауымдастық өкілдерімен, "Ақтөберентген" АҚ жұмысшыларымен, сондай-ақ, ардагерлермен және патриоттық клуб өкілдерімен кездесті.
Делегация құрамында – Қазақстан Республикасы Президенттігіне Үміткер Н.Ә.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, "Ақ жол" Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, "Бірлік" партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҮЕҰ өкілдері, ғылыми және шығармашыл зиялылар бар.
Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік университеттің Студенттер сарайында штаб өкілдері әлеуметтік сала мамандарымен кездесті. Олар алдағы саяси науқанда Елбасын қолдайтындықтарын жеткізді. Өйткені, Н.Назарбаевтың еңбегінің арқасында Қазақстан экономикалық тұрғыдан үлкен белестерге жетіп, әлеуметтік салада әділ саясат жүргізіліп келеді деп есептейді олар.
19 жылдық еңбек өтілі бар дәрігер Еркін Сартаев президенттік "Болашақ" бағдарламасының арқасында еуропалық мамандардан тәжірибе жинап, өзге замандастары секілді әлемдік ЖОО-да оқып келгендігін айтып отыр.
"Мен, әйелім және қызым биыл Президенттік сайлауға барып өз дауысымызды береміз. Біздің осы өмірде өз орнымызды табуымызға үлкен әсерін тигізген Мемлекет басшысын осы саяси науқанда қолдайтынымызды айтқым келед" дейді ол.
Мұнан кейін штаб өкілдері Ақтөбе феорроқорытпа зауытында болып қайтты. Аталған зауыт жылына 760 мың тонна өнім шығарады. Ал, оған деген сұраныс тек Қазақстанда емес, сонымен қатар, алыс-жақын шетелдерде де жоғары. Бүгінде зауытта 4 мыңға жуық жұмысшы еңбек етуде.
"Сіздердің біразыңыздың әлі естеріңізде болар, Нұрсұлтан Әбішұлы біздің зауыт салынар кезде оның капсуласын салған болатын. Ал, жуырда ғана Елбасы осы цехтағы жұмыстың басталуына бұйрық берді. Біз жаңа зауытымыздың пешінен шыққан ең алғашқы металды да ұмытқан жоқпыз. Президентіміздің еңбек ұжымынан шыққандығы бізге жақсы болды. Ол жұмысшыларға не керектігін өте жақсы біледі. Сондықтан Қазақстандағы металлургтердің барлығы Елбасына дауыс беретініне сенімдімін" дейді зауыттың жаңа технологиялар енгізу бойынша бас маманы Жәнібек Нұрмұханбетов.
Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филормонияда штаб өкілдері ардагерлермен және патриоттық клуб мүшелерімен кездесті. Кездесуге жиналған халық бірауыздан Назарбаевтың айналасына бірігуді ұсынып отыр.
Ал, күннің екінші жартысында штаб өкілдері ақтөбелік кәсіпкерлермен бас қосты. Бизнесмендер Елбасы тарапынан үнемі көрсетіліп келе жатқан қолдаудың арқасында өңірдік экономикалық жағдайы тұрақталып, тіпті, дамып отырғандығын тілге тиек етті. Бүгінгі таңда облыста 39 мыңнан астам кәсіпкер бар. 2014 жылы салықтан бюджетке 124 млрд теңге түскен.
Дөңгелек үстел отырысының барысында кәсіпкерлер Мемлекет басшысы ұсынған 5 институционалды реформаны толық қолдайтындықтарын және бес бағыттың бірі пайда табуды қамтамасыз етіп, шығынды азайтуға мүмкіндік беретін прагматикалық экономика екендігін атап өтті.
«Ақтөбе өңірінің кәсіпкерлері Мемлекет басшысының Стартегиялық жоспарларын қолдайды және алдыға қойып отырған кең ауқымды, маңызды міндеттерді орындау үшін баларын салып бағады және бұл істі тек Елбасы Нұрслтан Назарбаевпен бірге жүзеге асырады»»-деді «Қазқұбырөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Всеволод Щегельский.
Жас кәсіпкер Тимур Қалиев өзінің сөзінде «Мен кәсіпкерлікпен 20 жылдан бері айналысып келе жатырмын. Біз Батыс Қазақстан облысының барлық аймақтары бойынша жұмыстары атқарамыз. Енді ЕАЭО менің бизнесіме ешқандай кедергісіз Ресей нарығына шығуға мүмкіндік береді. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық ықпалдастықтың негізін қалаушы, локомотиві болып табылатындығын білемін. Мен Президентімізді біз үшін миллиондаған тұтынушысы бар нарыққа жол ашқаны үшін зор алғысымды білдіргім келеді»,-деді.