ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ Ә.ҚҰСАЙЫНОВ АТЫРАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Қатира Дұтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің ұжымымен кездесті.
Кандидат кездесу қатысушыларына өз сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, оның негізгі бағыты - экология мәселесі жайында баяндап берді.
«Экология мәселесі 21 ғасырда, әсіресе, өзекті. Табиғат айналымы өзара байланыстағы бірнеше циклдан тұрады. Соңғы 100-150 жылда адамның өндірістік тұрмыс-тіршілігінен туындаған жағымсыз экологиялық ахуал қазіргі уақытта адамның өзіне, денсаулығы мен өміріне зиянын тигізіп отыр.
Қазіргі уақыттағы экологиялық проблема кез келген мемлекеттің күн тәртібіндегі мәселесіне айналуы тиіс. Күн тәртібінде - өскелең ұрпақ үшін жердің экожүйесін аман сақтап, аманат ету», - деп бастады баяндамасын кандидат Әбілғазы Құсайынов.
Одан әрі спикер шешімін күттірмейтін жаһандық экологиялық мәселелердің бірқатарын атап өтті.
Басты проблема - жердің ауа кеңістігінің ластануы. Жер бетіндегі барлық тіршілік иесінің өмірі, ең алдымен, ауаның ластану деңгейіне тәуелді. Ал ауа бассейнінің ахуалы күннен-күнге нашарлап барады.
Сонымен қатар ормандарды жаппай шабу мәселесі де назардан тыс қалмауы керек. Ол ғаламшардың өкпесі іспеттес. Адамның күнделікті іс-әрекетінен орман шабу қарқыны апаттық деңгейге жетті. Енді оны қалпына келтіру үшін он жылдың, тіпті жүз жылдың өзі аз.
Жыл сайын Жер бетінен 13 млн. га орман жойылады. Соның кесірінен құстардың әрбір төртінші түрі және қосмекенділердің әрбір үшінші түрі жойылып кетуге шақ тұр.
Сондай-ақ жердің құнарлы қыртысының жыл сайын жұқаруы да атап өткен мәселемен тікелей байланысты. Оған жел эрозиясынан бөлек, ауыл шаруашылығында химиялық тыңайтқыштар мен пистицидтерді мөлшерден тыс пайдалану себеп болып отыр.
Ауыз су қорының азаюы да - адамзат үшін ең өзекті мәселелердің бірі. Бұл үрдіс су бассейнінің өнеркәсіптік қалдықтармен ластанып, орман алқаптарының күрт азаюымен байланысты. Ауыз су тапшылығы болашақта үлкен экологиялық апатқа айналуы мүмкін.
Жануарлар ортасын қырып-жою кез келген қоғам үшін үлкен сын әрі ауыртпалық. Адамның қоршаған ортаға келтірген зияны жер шарының жануарлар әлеміне де салқынын тигізіп отыр. Аңдардың бірнеше түрі жер жүзінен жоғалып кетуге жақын тұр, кейбірі, тіпті, соңғы 50-70 жылдың ішінде жойылып кеткен.
«Ұрпағымыз жансыз, сөніп бара жатқан ғаламшарға ие болып қалсын демесек, өзіміз мекендейтін биосфераны аман алып қалу үшін нақты әрекеттерге баратын кез жетті», - деген өз азаматтық ұстанымын танытты Ә.Құсайынов.
Кандидаттың Атырау облысындағы сайлауалды штабының жетекшісі Садыржан Жекенов экология туралы жаңа түсінік қалыптастыру маңыздылығына тоқталды.
«Табиғатпен үйлесімді өмір сүру». Жер бетіндегі адам тіршілігінің негізгі ұстанымы осындай болуы тиіс. Өткеннің ұлы ойшылдары айтып кеткендей, табиғатты тек оның заңдарына бағына отырып билеуге болады.
Адам биосфера дамуының заңдарын жақсы түсініп, оның құлдырауына алып келетін әрекеттерді бақылауда ұстауы керек және жоғарыда атап өткен үрдістердің алдын алу үшін барын салуы тиіс», - деп әңгімеледі С.Жекенов.
Аймақтық штаб жетекшісі атап өткендей, биосфера Жер бетінде адам пайда болғанға дейін де өмір сүрген, адамсыз да тіршілігін жалғастыра алады. Есесіне, адам биосферасыз өмір сүре алмайды.
«Бүгінде адам баласы жалпы ғаламдық экологиялық дамуды бақылау міндетін өз мойнына алуға қауқарлы.
Адамдар саналы түрде экологиялық тепе-теңдікті сақтап, табиғаттың шынайы келбетін сақтау қажеттілігін сезінулері керек.
Адамның барлық шаруашылық қызметі қоршаған ортаға зиянын тигізбейтіндей жүргізілуі керек», - деп қорытты ҚР Президенттігіне кандидат Ә.Құсайынов сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарына тоқтала отырып.