ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ САЙЛАУ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫМЕН СЕМИНАР БОЛДЫ
2015 жылғы 16 сәуірде Тараз қаласында Жамбыл облысының сайлау ұйымдастырушыларымен «2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізу» тақырыбында семинар болды.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі М.А. Сәрсембаев, облыстың аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, хатшылары мен мүшелері, аудандық әкімдер аппараттарының басшылары, Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдары, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық және отандық байқаушылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиналғандар алдында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М. Сарыбеков кіріспе сөз сөйледі. М. Сәрсембаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге дайындық барысы, 26 сәуірде учсакелік сайлау комиссиялары іске асыратын сайлау рәсімдері туралы айтып, олардың бұл кезеңдегі қызметінің негізгі аспектілерін баяндады.
Сонымен қатар Ортсайлауком мүшесі сайлауды дайындауға және өткізуге байланысты өзіне қойылған өзекті сұрақтарға бірқатар түсініктер берді.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Н. Врублевская сайлау учаскесінде дауыс беру мен дауыстарды санау рәсімдерін өткізу тәртібі мен кезеңдеріне, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының қызметіне толық тоқталды. Сайлау процестерін өткізу кезеңінде заңдылықты сақтау жөніндегі шаралар туралы Жамбыл облысы прокуратурасының бірінші басқармасының басшысы Б. Сейілханов айтып берді.
Семинарға қатысушыларға қалалық және аудандық сайлау комиссияларының сайлауға дайындық бойынша жүргізген жұмыстары туралы Тараз қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж. Пәрімбек және Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж. Сариев баяндады.
Семинар жұмысы барысында қозғалған неғұрлым талқыланбалы және өзекті мәселелердің арасында қаржылық, материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін, сайлаушылардың тізімдерін нақтылау және түзету бойынша жұмысты, сайлау алдындағы үгітті жүргізу, сайлау комиссияларының дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметін атап көрсетуге болады.
Сонымен қатар болған пікірталас пен ортақ талқылау шеңберінде сайлау комиссияларның мүшелері жекелеген сайлау рәсімдерін құқықтық реттеуге байланысты, оларды өткен сайлау науқандары барысында іске асыру тәжірибесін қарастырып, бұл жайында Ортсайлауком өкілдері берген түсіндірмелермен танысты.
Іс-шара соңында М. Сәрсембаев сайлау органдарының сайлау заңнамасы нормаларының бұлжытпай сақталуы мен азаматтардың өздерінің конституциялық сайлау құқығын іске асыруы үшін барлық қажетті жағдайлардың жасалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі